392
Сахабалар салған сара жол
бізге қарсы күш біріктіріп, қайта бас көтермесіне кім
кепіл?» – дедім.
Аллаһ расулы Әбу Бәкірдің пікірін қолдады.
Менің көзқарасымды мақұлдамады. Сөйтіп, олардан
төлем алды. Ертеңіне таңертең Аллаһ расулы мен Әбу
Бәкірдің жанына келдім, екеуі де жылап отыр екен. «Уа,
расулаллаһ, не боп қалды?»
– деп сұрағанымда, Аллаһ
расулы: «Төлем алған жолдастарыңның тартатын аза-
бын ойлап жылаймын». Қасындағы ағаштың біреуін
нұсқап «Бастарына келетін бәленің мына ағаштан да
жақын екендігі маған көрсетілді. Аллаһ мына аятты
түсірді», – деп мына аятты оқыды:
«Бір пайғамбардың
дүниеде жеңіске жетіп, күпірлікті құртпайынша
тұтқынға алып, төлем есебінен босатуы дұрыс емес.
Сендер дүниелік нәрсені қалайсыңдар. Ал Аллаһ болса,
ақыретке қол жеткізгендеріңді қалайды. Аллаһ өте
үстем, асқан құдіретті»
Достарыңызбен бөлісу: