Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


МұһАЖыРлАР МЕн АнСАРлАРдың



Pdf көрінісі
бет154/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

2. МұһАЖыРлАР МЕн АнСАРлАРдың 
АРАСындА оРнАТылғАн 
бАуыРлАСТыҚ
Абдуррахман ибн Ауф пен Сағыд ибн 
Рәбидің оқиғасы
Әнәс (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәллам)
Мәдинаға келгенде, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) 
пен Сағыд ибн Рәби әл-Ансариді бір-біріне бауыр етіп, 
батасын берді. Сонда Сағыд ибн Рәби Абдуррахман 
ибн Ауфқа: «Бауырым, мәдиналықтардың ішінде ең 
дәулеттісі менмін. Малымның жартысын сен ал. Екі 
әйелім бар, қайсысын қаласаң, сонымен ажырасып
сенімен некелестірейін», – дейді. 
Абдуррахман ибн Ауф: «Аллаһ сенің малыңа да, 
әйеліңе де береке әкелсін, сен маған базарға баратын 
жолды көрсетсең болды», – дейді. Ол базардың жолын 
көрсетіп береді. Абдуррахман базар жағалап, саудамен 
айналысып, біршама пайда түсіреді. Үйіне ірімшік пен 
май алып қайтады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін 
Абдуррахманның үстінен запырангүлдің иісі бұрқырап 
келеді. Аллаһ расулы «Жағдай қалай?» – деп сұрағанда, 
Абдуррахман ибн Ауф бір әйелге үйленгенін айтады. 
Аллаһ расулы: «Оған мәхірге не бердің?» – деп сұрайды. 
«Құрма дәніндей алтын бердім», – дейді ол. Расулаллаһ: 
«Бір қой сойып болса да, елді шақырып, тамақ бер», –
дейді. Абдуррахман 
(р.а.)
айтады: «Уаллаһи, сол кезде 
едәуір пайда табатынмын, кез келген тасты көтере, 
344
Ибн Әсир, Усдул-ғаба 1/518


352
Сахабалар салған сара жол
қалсам астынан алтын мен күміс шығатындай табысқа 
кенелетінмін»
345
.
Мұһажырлар мен ансарлардың бір-біріне 
мұрагер болуы
Ибн Аббас 
(р.а.)
айтады: «Мәдинаға келгенде, 
Аллаһ расулы мұһажырлар мен ансарларды бір-бірі-
не бауырластырған болатын. Олар бауыр ретінде бір-
біріне ілтипат білдіргені соншалық – тіпті ансарлардан 
біреу қайтыс болса, дүние-мүлкін бала-шағасына емес, 
мұһажырларға қалдырып кететін. Кейін 
«Ата-ана мен 
басқа туыстар қайтыс болғаннан кейін қалдыратын 
әрбір нәрсесі үшін мұрагерлер белгіледік»
(Ниса, 4/33) 
деген аят түсіп, мұһажырлар мен ансарлардың бір-бірі-
не мұрагер болу үкімі жойылды».
Басқа бір риуаятта бұл үкім «Әнфал» сүресінің 
«Аллаһтың үкімі бойынша туыстық жағынан жақын 
болғандар бір-біріне мұрагер болуға лайығырақ»
(Әнфал, 8/75) деген аяты түскенде жойылған деп ке-
леді
346



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет