Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұһажырлардың Мәдинаға қайтуы



Pdf көрінісі
бет145/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Мұһажырлардың Мәдинаға қайтуы, 
нәжашидің исламды қабылдауы
Жағфар ибн Әбу Тәліп 
(р.а.)
риуаятын ары 
жалғастырып былай дейді: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
Мәдинаға һижрет етіп, сол жерде қауіпсіз бейбіт 
өмірге қол жеткізіп қана қоймай, өзінің ықпалын 
күшейткеннен кейін, біз Нәжашиге: «Аллаһ расулы 
жеңіске жетті, Мәдинаға һижрет етті, дұшпандарын 
тізе бүктірді. Оның жанына қайта оралғымыз келеді
бізді елімізге жібер», – дедік. Ол біздің ат-көлігіміз 
бен жол азығымызды дайындатып, маған: «Сендерге 
қалай қарағанымды пайғамбарларыңа айта барыңдар. 
Қатарыңа елшімді қосып жіберемін. Куәлік етемін
Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол – Аллаһтың расулы. Одан 
мен үшін дұға етуін сұраңдар», – деді.
Хабашстаннан шығып, Мәдинаға тарттық. 
Мені Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
күтіп алып, құшақтап: 
«Хайбардың жеңісіне қуанайын ба, әлде Жағфардың 
келгеніне қуанайын ба?» – деп қуанышын жасыра ал-
мады. Біздің Мәдинаға баруымыз Хайбар жеңісімен 
тұспа-тұс келген еді. Сосын Аллаһ расулы тізе 
бүкті. Нәжашидің бізбен бірге келген елшісі: «Мына 
Жағфардан патшамыздың оларға қалай қарағанын 
сұра», – деді. Жағфар: «Иә, бізге мынадай да мынадай 
жақсылық істеді. Кетерде бізге азық пен көлік берді. 
Аллаһтан басқа илаһ жоқ екеніне, сіздің Аллаһ расу-
лы екендігіңізге куәлік етті», – деп болған жағдайдың 
бәрін баяндайды. «Сізден өзіне Аллаһтан кешірім 
сұрап, дұға етуіңізді өтінді», – дейді. Сонда Аллаһ ра-
сулы 
(с.а.с.)
орнынан тұрып, дәрет алды да, үш рет «Уа, 
Аллаһ тағалам, Нәжашиді кешіре гөр!» – деп дұға етті. 


334
Сахабалар салған сара жол
Мұсылмандар бұл дұғаға «Әмин» десті. Сосын ел-
шіні аттандырып тұрып: «Расулаллаһтың дұға еткенін 
патшаңа айта бар», – деді».
324


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет