Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сахабалар мен нәжашидің арасында



Pdf көрінісі
бет142/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Сахабалар мен нәжашидің арасында 
болған әңгіме
Мұсылмандар Нәжашидің алдына келгенде, оған 
бас иіп, тағзым етпей-ақ мұсылманша сәлем береді. 
Нәжаши: «Ей, жамағат, неге өз қауымдарыңнан келген 
басқа адамдар секілді сәлем беріп сәжде етпедіңдер? Иса 
пайғамбар туралы не айтасыңдар? Сендер ұстанған дін 
қандай дін? Әлде христиансыңдар ма?» – деп сұрады. 
Олар: «Жоқ», – деп жауап берді. «Яһудисіңдер ме?» – 
дегенде, тағы да «Жоқ» деп жауап берді. «Онда қандай 
дін ұстанасыңдар?» – дегенде, мұсылмандар: «Дініміз – 
Ислам», – деп жауап берді. Нәжаши: «Ислам діні қандай 
дін?» – деп сұрайды. Мұсылмандар: «Біз Аллаһқа 
ғибадат етіп, Оған еш нәрсені серік қоспаймыз», – 
деді. Нәжәши: «Бұл дінді сендерге кім әкелді?» – деп 


325
Һижрет
сұрайды. Мұсылмандар: «Бұл дінді арамыздағы бір кісі 
әкелді. Біз өзін де, ата тегін де жақсы білеміз», – деп 
жауап берді. 
Одан әрі мұсылмандар: «Аллаһ бізден бұрынғы 
қауымдарға пайғамбарлар жібергені секілді оны да 
бізге пайғамбар етіп жіберді. Ол бізге жақсылық жа-
сауды, садақа беруді, уәдеге берік болуды, аманатқа 
қиянат жасамауды бұйырды, пұтқа табынуға тыйым 
салды. Жалғыз, теңдесі жоқ Аллаһқа құлшылық жа-
сауды бұйырды. Біз оны растап, Аллаһтың сөздерін 
үйрендік, әкелгендері Аллаһтан екеніне шын жүректен 
сендік. Біз осы айтылғандарды өмірімізде жүзеге асы-
ра бастағанымызда, өз қауымымыз Пайғамбарымыз 
бен бізге қарсы шығып, зорлық-зомбылық көрсетті. 
Сөздерін өтірікке балап, өзін өлтірмек болды, бізді 
пұттарға табынуға күштеп бақты. Біз өз өміріміз бен 
дінімізді сақтап қалу үшін, өз жерімізден кетуге мәжбүр 
болдық», – дейді.
Мұны естіген Нәжаши: «Уаллаһи, сендер айтып 
тұрған мына дін Мұсаның айтқандарына өте ұқсас 
екен», – дегенде, Жағфар 
(р.а.):
«Сәлем беру мәселесіне 
келсек, Пайғамбарымыз бізге жұмақ халқының сәлемі 
«әс-сәләм» болатынын айтты, бізге осылай сәлем бе-
руді бұйырды. Сондықтан да біз саған осылайша сәлем 
бердік. Мәриямұлы Исаға келетін болсақ, ол Аллаһтың 
құлы және елшісі, – Хақ тағаланың Мәриямға тарту 
еткен «сөзі»
320
,ар-намысы пәк, абыройлы Мәриямның 
ұлы» деді. Сонда Нәжаши: «Мәриямұлы Исаның 
айтқандары мына адамның айтқандарына ұқсайды 
320
Сөзі – яғни Аллаһ тағаланың «Бол!» деген әмірімен пайда 
болған.


326
Сахабалар салған сара жол
екен», – деді. Нәжаши осылай дегенде, қасындағы 
хабаштық көсемдер: «Уаллаһи, халық мына сөзіңді есті-
се, сені тақтан тайдырады», – дейді. Нәжаши: «Аллаһқа 
ант етемін, Иса (а.с.) туралы бұдан артық нәрсе айта 
алмаймын. Хақ тағала мына патшалықты маған берер-
де, мен туралы халықтың пікірін тыңдаған жоқ қой, 
мен Аллаһтың діні турасында халықтың дегеніне неге 
бағынуым керек? Құдай мені мұндайдан сақтасын» де-
ді.
321
Имам Ахмәдтің Пайғамбарымыздың әйелі Үммі 
Сәләмадан алған басқа бір риуаятында былай делін-
ген: «Нәжаши сахабаларды шақыруға адам жіберді. 
Нәжашидің елшісі барып хабар айтқан соң сахабалар 
дереу жиналып, Нәжашиге барады. Иса (а.с.) туралы 
Нәжаши сұрай қалса, не дейтінін алдын-ала ақылдасып: 
«Уаллаһи, бар білетінімізді айтамыз. Пайғамбарымыз 
бізге бұл мәселеде не бұйырған болса, біз соны айта-
мыз» дейді.
Нәжашидің алдына келгенде, христиан білгірлері 
алдарына кітаптарын ашып қойып, Нәжашидің қасында 
сахабаларды күтіп отыр екен. Нәжаши сахабалардан: 
«Ел-жұрттан безуге дейін апарған бұл діннің ерек-
шелігі неде? Сендер менің дінімді де, басқа діндерді 
де қабылдамапсыңдар, солай ма?» – деп сұрады. Сонда 
Жағфар: «Ей, патша! Біз сауатсыз, жабайы қауым едік. 
Пұттарға табынып, өлексе жейтінбіз, адамгершілікке 
жат әдеттерге бой алдырған ел едік. Туыстарымыз-
бен байланысты үзіп, көршіге қиянат жасайтынбыз. 
Күштілер әлсіздерге зорлық-зомбылық көрсететін. Со-
дан Хақ тағала бізге тегі белгілі, турашыл, сенімді және 
321
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 1/201 (1740)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет