320
Сахабалар салған сара жол
алмай, көлеңкені де паналайды. Мен айтты дерсің,
осылай болады», – дедім. Айяш: «Бір жағы, анамның
ашуын басып, антынан бас тартқызамын, екіншіден,
сонда қалған малым бар, соларды алып келейін», – деді.
Мен оған: «Уаллаһи, Құрайыштардың ішінде ең малы
көп мен екенімді білесің. Дәулетімнің жартысы сенікі
болсын, бірақ олармен бірге барушы болма», – дедім.
Оның тас-түйін бекінген түрін көріп: «Бұл райыңнан
бас
тартпайтын болсаң, мына түйемді ал. Жуас әрі
тұқымы асыл. Қаласаң мін, қаласаң мінбе. Алайда,
олардан күмәнданатындай жағдай туса, осымен жан
сақтарсың», – дедім.
Олар
Мәдинадан ұзап шыққан соң, Әбу Жәһіл
Айяшқа: «Бауырым, менің түйем болдырған секілді,
ауыстырып мінейік», – дейді. Айяш та, басқалары да
түйелерін шөктіреді. Осы сәтті пайдаланып оны тар-
па бас салып, байлап тастайды. Сөйтіп, Меккеге алып
барып, дінінен тайдырады. Біз: «Аллаһ тағала дінінен
шыққан адамның тәубесін қабылдамайды», – деп ой-
лайтынбыз. Діннен шыққандар да сондай пікірде бола-
тын. Пайғамбарымыз
Мәдинаға барғанда, Хақ тағала
мына мағынадағы «Зүмәр» сүресінің 53-55-аяттарын
түсірді:
«Әй, көп күнә істеп, өздеріне өздері жамандық
жасауда алдарына жан салмаған құлдарым! Аллаһтың
рақымынан күдер үзбеңдер. Аллаһ қаласа, барлық
күнәларды кешіреді. Өйткені Ол өте кешірімді әрі
аса мейірімді» де. Сендерге азап келмей тұрып,
Раббыларыңа оралыңдар және Оған беріліңдер, Оған
бағыныңдар. Әйтпесе көмек көрмейсіңдер. Сендерге
азап оқыстан келіп күйретпестен бұрын, Раббыларың
321
Һижрет
тарапынан сендерге жіберілген үкімдердің ең жақ-
сысына мойынсұныңдар».
Мен дереу осы аяттарды хатқа түсіріп, Хишам ибн
Асқа жібердім».
Ал, Хишам былай дейді: «Хатты алғаннан кейін,
оны Зитууада отырып, көз жүгіртіп оқи бастадым. Бірақ
хаттың мазмұнын түсіне алмай қиналдым. «Аллаһ
тағалам! Мына жазылғандардың мән-мағынасын
түсіндіре гөр» деп дұға еттім. Сонда Хақ тағала осы
аяттардың тәубелеріміздің
қабылданбайтынын айтып
жүрген бізге және біз сияқтыларға қатысты жіберіл-
генін сездірді. Бір сәт кідірмей, Мәдинаға тартып оты-
рып, Пайғамбарымызға
(с.а.с.)
барып қосылдым»
317
.
Достарыңызбен бөлісу: