Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің Расулаллаһ үшін алаңдауы



Pdf көрінісі
бет137/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің Расулаллаһ үшін алаңдауы 
Хасан Басри айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
бен Әбу Бәкір (р.а.) үңгірді келіп паналады. 
Пайғамбарымызды іздеп жүрген Құрайыштар үңгірдің 
аузындағы өрмекшінің торын көріп: «Бұл жерге еш-
кім кірмепті», – деп, келген іздерімен кері қайтып кет-
ті. Алайда, сол сәтте үңгірде Пайғамбарымыз намаз 
оқып, Әбу Бәкір оның тыныштығын күзетіп тұрған 
еді. Әбу Бәкір: «Уа, Расулаллаһ, мыналар сені із-
деп жүр. Уаллаһи, өзім үшін қам жемеймін, сен үшін 
алаңдаймын», – дейді. Аллаһ расулы: «Уа, Әбу Бәкір! 
Қорықпа. Аллаһ бізбен бірге», – дейді. Тағы бір риуа-
ятта Расулаллаһ: «Әбу Бәкір, айтшы, үшіншілері Аллаһ 
311
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/180


314
Сахабалар салған сара жол
болған екі адамның алаңдауына бола ма?» – деп жауап 
берген»
312
.
Сурақаның һижрет еткен керуеннің ізіне 
түсуі
Бәра ибн Азиб 
(р.а.)
айтады: «Әбу Бәкір әкем Азибтен 
он үш дирхамға бір ер сатып алып, «Бәраға айт, мынаны 
үйіме жеткізсін», – дейді. Әкем: «Жоқ, бір шартымыз 
бар. Бізге һижрет туралы айтасың», – дейді. Әбу Бәкір 
олардың өтінішіне құлақ асып, Пайғамбарымызбен 
қалай һижрет еткенін баяндады:
«Қараңғы түсе үңгірден шығып, жолға түстік. 
Күн демей, түн демей тоқтаусыз жүрдік. Түс әлетінде 
күн ысығаннан кейін, көлеңке іздеп, маңайға көз сал-
дым. Үлкендігі кішігірім үйдей қой тастан басқа 
көзімізге ештеңе шалына қоймады. Бел жазып, аяқ 
суытатын орнымызды ретке келтіріп, киімімді төсеп, 
Пайғамбарымызға: «Уа, Расулаллаһ, біраз, тынығып 
алыңыз», – дедім. Пайғамбарымыз аяғын созып, көзін 
жұмды. Мен көз көрім жерді түгел шолуға мүмкіндік 
беретін жақын маңдағы қыратқа шығып, ізімізге 
түскендердің бар-жоғын бақыладым. Жалғыз шо-
паннан өзге ешкім көзіме шалына қоймады. Әлгінің 
жанына барып, кімнің шопаны екенін сұрадым. Ол 
Құрайыштардан бір таныс адамды айтты. «Сауын қойың 
бар ма?» – деп сұрадым одан. Бірнеше сауын қойы бар 
екенін айтқан соң, одан сүт сауып беруін сұрадым. 
Шопан екі сөзге келмей, қойды ұстап әкелді. Мен оған 
қойдың желінін сүртуді және өзінің қолын тазалауды 
өтіндім. Әлгі шопан айтқанымды орындап, бірталай 
сүт сауып берді. Салқындасын деп сүтті шыныаяққа 
312
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/181


315
Һижрет
құйып қойдым. Сосын бәрін Аллаһ расулына алып 
бардым. Ол оянған екен, мен әкелген сүтті ішіп болған 
соң, «Енді жүретін уақыт болды» деді. Қайтадан жолға 
шықтық. Бұл кезде Құрайыштар мен басқа қауымның 
адамдары бізді іздеп, соңымызға түскен екен. Алайда, 
атты Сурақа ибн Мәлік ибн Жушумнан басқасы бізге 
жете алмады. Соңымыздан қуып келе жатқан Сурақаны 
көріп: «Уа, Расулаллаһ, мына адам бізді қуып же-
тетін сияқты», – дедім. Аллаһ елшісі: «Уайымдама, 
Аллаһ бізбен бірге», – деді. Сурақа бізді қуып жетуге 
таяп қалғанда, «Мынау жетіп алатын болды-ау» деп 
көзіме жас алып, абыржыдым. Аллаһ елшісі: «Неге 
жылайсың?» – деп сұрады. «Уаллаһи, өзім үшін емес, 
сен үшін алаңдаймын», – дедім. Сонда Аллаһ расулы: 
«Аллаһ тағалам! Бізді одан қорғай гөр!» – деп дұға етті. 
Сол кезде Сурақаның аты сауырына дейін жерге батты 
да кетті. Ол атынан секіріп түсіп: «Уа, Мұхаммед, бұл 
сенің ісің екенін біліп тұрмын. Аллаһқа дұға етіп, мені 
мына жағдайдан құтқар. Уаллаһи, ойға-қырға шапқылап 
сені іздеп жүргендердің бетін басқа жаққа бұрып жібе-
ремін. Міне, қорамсағым, бір жебені ал, пәлен деген 
өрісте менің түйелерім мен отар қойым бар. Осы же-
бені көрсетсең, олардан қалағаныңды аласың», – дейді. 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):
«Оларға мұқтаж емеспін», – деп 
жауап берді. Бірақ, Сурақа үшін дұға етті. Сурақаның аты 
малтыққан жерінен аяғын шығарып алған соң, ол кері 
қайтты. Біз сапарымызды ары жалғастыра бердік. Аздан 
соң Мәдинаға жақын жердегі Құбаға жеттік. Ондағылар 
Аллаһ расулын күтіп алу үшін жолға, тіпті үйлерінің 
шатырына дейін шығып алыпты. Қызметшілер мен ба-
лалар жол жиегінде қатарласа қол ұстасып: «Аллаһу 
әкбар! Аллаһ расулы келді! Мұхаммед келді!» – деп 


316
Сахабалар салған сара жол
шаттана айқайлады. Пайғамбарды әрқайсысы өзінің 
үйіне шақырып, жік-жапар болды. Пайғамбарды қонақ 
етуді көздеген, оның батасын алуды көксеген былайғы 
ел өзара таласып-тартыса бастаған соң Аллаһ расу-
лы «Бүгін түнде Абдулмұтталибтің нағашы ағалары 
Нәжжарұлдарында боламын. Сөйтіп туыстарымның 
абыройын арттырайын», – деді. Таң атқаннан кейін, 
Аллаһтың бұйрығымен басқа жаққа кетті
313



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет