Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет136/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

үңгірден кету
Төртінші күні Мәдинаны бетке алып, жолға 
шығады. Алдымен Пайғамбарымыздың қауіпсіздігін 
ойлаған Әбу Бәкір (р.а.) жол бойы екі әлем Сардарының 
(с.а.с.) біресе алдына түсіп, біресе артында жүріп отыр-
ды. Әбу Бәкірді талай адам танитын. Жол-жөнекей 
309
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/178


312
Сахабалар салған сара жол
«Қасыңдағың кім?» деп сұрағандарға Әбу Бәкір «Жол-
басшым. Маған жол көрсетіп келеді», – деп жауап бере-
тін. Негізінде Әбу Бәкір (р.а.) ақиқаттан алыс кетпеген 
еді, оның астарлап айтқаны – Пайғамбарымыздың хақ 
жолды көрсететін тұлға екенін меңзеген болатын. Алай-
да, жолай кезіккендер оның сөзін тура мағынасында 
ұқты. 
Жол бойындағы Құдайд деп аталатын егістік тана-
бында оларды байқап қалған бір адам Мүдлижұлдарына 
жерден жеті қоян тапқандай жүгіріп барып: «Бейсауыт 
жүрген екі жолаушыны көрдім, Құрайыштардың жер-
көкті шарлап іздеп жүрген адамдары болса керек», – 
деп хабарлайды. 
Сурақа ибн Мәлік те оның күдігін теріске шығармай 
«Біздің іздеп жүргеніміз сен көрген сол екі адам болса 
керек», – деп, олардың ізіне түседі
310
.
омардың Аллаһ елшісінің һижреттес серігі 
Әбу бәкірді мақтап сөйлеуі
Ибн Сирин айтады: «Омардың 
(р.а.)
халифалығы 
кезінде тек көргенімен ғана көңіл тоғайтатын кейбіре-
улер Омарды Әбу Бәкірден артық қойып, арты бүлікке 
апарып соғуы мүмкін жаңсақ пікірге жол беріп жүргенін 
естіген халифа: «Уаллаһи, Әбу Бәкірдің бір түнінің 
өзі Омардың отбасынан артық, ал бір күні Омардың 
барлық әулетінен де артық. Аллаһқа ант етемін, 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
үңгірге барған түні қасында 
Әбу Бәкір 
(р.а.)
болды. Ол Аллаһ расулын қауіп-қатерден 
қызғыштай қорып, басын бәйгеге тікті. Жол бойы ты-
ным таппай, бірде алдына шығып, бірде артына түсіп 
жүріп отырды. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
Әбу Бәкірдің 
(р.а.)
310
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 24/106 (284)


313
Һижрет
мұншалықты көзсіз жанкештілігінің сырын сұрағанда, 
«Уа, Расулаллаһ, ізімізге түскен біреу-міреу бар ма деп 
қорқамын», – деп жауап береді. Аллаһ расулы (с.а.с.): 
«Айтшы, Әбу Бәкір, менің басыма келетін қатердің 
өзіңнің де басыңа келгенін қалар ма едің?» – деп 
сұрайды. Әбу Бәкір 
(р.а.) 
: «Иә, сені хақ дінмен жіберген 
Раббыма ант етемін, қалар едім», – дейді. Үңгірге келіп 
жеткенде де, Пайғамбарымыздың жағдайын ойлаған
Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Расулаллаһ, сен осы жерде тұра 
тұр, мен үңгірдің ішін ретке келтірейін», – деп алды-
мен ішке өзі кіреді. Үңгірден шыққаннан кейін әлдебір 
саңылауды бітемегені есіне түсіп: «Уа, Расулаллаһ, сәл 
тоса тұр», – деп, ұмыт қалдырған саңылауды да бітеп 
шығады». 
Омар 
(р.а.)
осыларды айтты да, «Аллаһқа ант етемін, 
Әбу Бәкірдің сол түнгі һижреті менің бүкіл отбасымнан 
да қайырлы», – дейді»
311
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет