311
Һижрет
уақытқа дейін түйені қарайтын болып келісті.
309
Әбу
Бәкірдің қызы Әсма
(р.а.)
айтады: «... Уақыт оздырмай
жолға дайындалдық. Жолға деп дайындалған азықты
орамалымның бір шетін жыртып алып буып-түйіп орап
бердім. Сөйтіп олар аттанып кетті. Сәур тауындағы
үңгірде аз уақыт аялдағанын естідім. Үңгірге жеткенде,
Әбу Бәкір Расулаллаһты жылан-шаян шағып алмасын
деп, әуелі, өзі кіріп, саңылау қалдырмай өз қолымен бі-
теп шығыпты. Бұл кезде Құрайыштар да қарап отырмай
жан-жаққа ат шаптырып, олардың ізіне түседі. Аллаһ ра-
сулын тауып әкелген адамға немесе оның қайда екенін
айтқан адамға жүз түйе тігеді. Меккенің төңірегіндегі
тау-тасты түгел сүзген қуғыншылар Сәур тауына да
келіп жетеді. Олардың бірі үңгірдің аузына таяп кел-
генде, Әбу Бәкір: «Уа, расулаллаһ, мынау бізді көріп
қоятын болды», – деп абыржиды. Аллаһ расулы: «Жоқ,
көре алмайды, өйткені періштелер бізді қанаттарымен
көлегейлеп тұр», – дейді. Өзін Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бен Әбу Бәкірдің демдерін ішіне алып үнсіз бақылап
тұрғанын сезбеген адам үңгірдің кіре берісіне кіші
дәрет сындырады. Осы кезде Пайғамбарымыз: «Егер
бізді көрсе, бұлай етпес еді», – дейді. Әсманың айтуын-
ша, Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкір (р.а.) үңгірді үш күн
тасалайды».
Достарыңызбен бөлісу: