328
Сахабалар салған сара жол
айтқандарымен бірдей», – деді. Сөйтіп мүшріктердің
атынан елші боп келген Амр ибн Ас пен Абдуллаһқа:
«Сендер елдеріңе қайта беріңдер. Уаллаһи, оларды сен-
дерге ешқашан қайтармаймын», – дейді.
Осы оқиғаға қатысты Үммі Сәләма анамыз былай
дейді: «Сахабалар Нәжашидің құзырынан шыққаннан
кейін, Амр ибн Ас: «Уаллаһи, ертең Нәжашидің алдына
барып, оларды жақсылап тұрып жамандап, түбіне жет-
песем бе?!» – дейді. Одан иманжүзділеу Абдуллаһ: «Әй,
Амр, бұлай жасама, олар бізге қарсы шықты екен деп,
туысыңа жаулық істемексің бе?» – дейді. Амр «Уаллаһи,
Иса пайғамбарды құл дегендерін Нәжашиге айтамын»,
– дейді. Ертеңіне патшаның алдына барғанда, Амр:
«Уа, патша! Олар Мәриямұлы Иса туралы ауыр сөздер
айтып жүр.
сенбесеңіз осында алдырып, өздерінен
сұрайық», – дейді. Нәжаши мұсылмандарға хабар жі-
беріп, олардың Иса пайғамбарға қалай қарайтынын біл-
гісі келеді».
Үммі Сәләма анамыз айтады: «Бұл біз үшін күтпеген
жағдай болды. Мұсылмандар: «Мәриямұлы Иса туралы
сұраса не айтамыз?» – деп кеңесті. «Уаллаһи, Хақ тағала
мен пайғамбары ол туралы не айтса, соны айтамыз», –
десті олар. Мұсылмандар Нәжашидің алдына келген-
де, билеушінің алғашқы сауалы: «Мәриямұлы Иса ту-
ралы не айтасыңдар?» болды. Жағфар ибн Әбу Тәліп:
«Біз Пайғамбарымыздың айтқанын ғана айта аламыз:
«Иса – Аллаһтың құлы әрі елшісі. Аллаһ
тағаланың
абыройлы Мәриямға аманат еткен бір сөзі» деп жауап
береді. Нәжаши қолын созып жерден бір шыбық алды
да, «Уаллаһи, мына адамның айтқандары мен Исаның
329
Һижрет
айтқандарының арасындағы айырмашылық көп емес,
мына шыбықтай ғана», – дейді.
Нәжаши осылай дегенде, қасындағы діндарлардың
іштей наразылығы күшейіп, қабақтары түйіліп кетеді.
Нәжаши: «Қалай болғанда да бұл ақиқат!» – дейді.
Мұсылмандарға: «Бара берсеңдер болады, менің елім-
де қауіпсіздіктеріңе кепілдік беремін. Кім сендерге
тиісетін болса жазасын алады, таудай алтын берсе де,
елімнен қуып, еңіретіп қоймамын», – дейді де осы сөзін
үш рет қайталайды. Қасындағыларына: «Енді әлгі екі
адамның берген сыйлықтарын қайтарыңдар, олар маған
қажет емес. Уаллаһи, Хақ тағала осы патшалықты маған
нәсіп еткенде, менен ақы сұрамады. Сол секілді Оның
діні жолында мен де ешкімнен ақы сұрамаймын. Хақ
тағала маған біреудің ақыл-кеңесімен патшалық берген
жоқ. Осы секілді мен де Оның дінінің игілігі жолында
адамдардың ығына жығыла кетпеймін», – дейді. Амр
мен Абдуллаһ әкелген сыйлықтарын алып, сол жерден
қапаланып шығады.
«Осыдан кейін ешкім мазалаған жоқ. Нәжашидің
қамқорлығының арқасында
алаңсыз тіршілік кешіп
жүргенде, оның тағына көз алартқан біреу билігіне та-
ласып, патшаға қарсы шықты. Сондағы мұңайғаным
секілді ешқашан мұңайған емеспін. Бүлік шығарған
адамның күші Нәжашиден басым түсе ме деп күндіз
күлкі, түнде ұйқыдан қалдық. Нәжашидің тағына көз
алартқан адам оның билігін тартып алса, біздің күніміз
не болмақ? Осыны ойлап май ішкендей мазамыз қашты.
Нәжаши бүлікті басу үшін жорыққа шықты. Олардың
араларын Ніл өзені бөліп тұрған еді. Расулаллаһтың
сахабалары өз араларында «Кім барып, сол жақтан ха-