Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет133/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

10. АллАһ ЖолындА ҚАндАй 
ҚиындыҚҚА болСА дА, ТӘуЕКЕл 
ЕТудІң ТАғы бІР МыСАлы
Амр ибн Жәмухтың оқиғасы
Сәләмаұлдарының бетке тұтар кейбір азаматта-
ры былай деген: «Амр ибн Жәмух 
(р.а.)
ақсақ болатын. 
Оның бірінен-бірі өткен сайдың тасындай үш ұлы бар 
еді. Олар Аллаһ расулымен барлық жорыққа қатысты. 
Бірде ұлдары әкесінің сылтып басатын кемтарлығын 
ойлап, Ұхұд соғысына қатысуына қарсы болғанда, Амр 
(р.а.) Пайғамбарымызға 
(с.а.с.): 
«Уа, Расулаллаһ, менің 
Аллаһ жолында және сенің қол астыңда жауға атой сап, 
жорыққа шығуыма балаларым қарсы болып жатыр. 
Уаллаһи, мына ақсақ аяғыммен жұмаққа барғым келеді», 
– дейді. Пайғамбарымыз: «Аллаһ сенің жағдайыңды да, 
не ойлағаныңды да жақсы біледі, сондықтан да саған 
жиһад парыз емес», – дейді. Алайда Аллаһ расулы 
Амрдың риясыз көңілінен туған осынау тілегін жерге 
тастағысы келмей, оның ұлдарына: «Әкелеріңнің жо-
лын бөгемеңдер, бұған қақыларың да жоқ. Хақ тағала 
оған шейіттікті нәсіп етеді деп үміттенемін», – дейді. 
Сөйтіп, Амр ибн Жәмух Расулаллаһпен бірге Ұхұд 
соғысына қатысып, шейіт болады
306
. Осы оқиғаға куә 
болған Әбу Қатада 
(
р.а.)
айтады: «Амр ибн Жәмух 
Пайғамбарымызға келіп: «Шейіт болсам, жаннатта ел 
сияқты екі аяғымды тең басып жүре аламын ба?» – деп 
сұрайды. Расулаллаһ: «Иә», – деді.
306
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/37


306
Сахабалар салған сара жол
Ұхұд соғысында мүшріктер оның өзін, немере інісін 
және азат еткен құлын өлтірді. Шайқастың күн жүзін 
көлегейлеген шаңы басылған сәтте, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
Амрдің өлі денесінің жанына келіп: «Амрды ақсақ 
аяғы жұмақта жазылып, екі аяғын тең басып жүргенін 
көріп тұрғандаймын», – деді»
307
.
307
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 9/523 (15746)


307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет