180
Сахабалар салған сара жол
үммі Сүләймнің өзіне үйленгісі келген Әбу
Талханы исламға шақыруы
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Әбу Талха мұсылман бол-
май тұрып, Үммі Сүләйммен үйленуді қалайды. Алайда
Үммі Сүләйм қарсылық білдіріп: «Әбу Талха, табынған
тәңіріңнің топырақтан өсіп шығатынын білесің бе?» –
деп сұрайды. «Білгенде қандай!» – дейді Әбу Талха.
«Онда ағашқа табынуға ұялмайсың ба? Мұсылмандықты
қабылдасаң, сенен қалыңмал (махр) талап етпеймін».
«Ойланайын», – дейді Әбу Талха. Сосын қайтып келіп:
«Куәлік етемін: Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед –
Аллаһтың пайғамбары», – деп мұсылман болды. Сонда
Үммі Сүләйм (р.а.) маған: «Әнәс, Талханың үйленуіне
көмек бер», – деді. Мен олардың отау құрып, шаңырақ
көтеруіне жәрдемдестім»
166
.
Достарыңызбен бөлісу: