Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Амр ибн Мүрра әл-Жүхәнидің



Pdf көрінісі
бет76/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Амр ибн Мүрра әл-Жүхәнидің 
исламды қабылдауы
Амр ибн Мүрра әл-Жүхәни (р.а.) айтады: 
«Надандық кезеңінде бір топ кісімен қажылық жасау 
үшін жолға шықтық. Меккеде түс көрдім. Түсімде 
Қағбадан бір нұр шығып, Йәсриб тауы мен Жүхайна 
тайпасының Әсар тауына сәуле шашқанын көрдім. 
Бұл нұрдан «Қараңғылықтар жойылды, нұр төгілді, 
соңғы пайғамбар жіберілді» деген дауыс шықты. Со-
сын айналаға айрықша сәуле шашырады. Сонау Хира 
қаласының зәулім үйлері мен Мәдаиннің шағаладай ақ 
шаңқан сарайлары көрінді. Бұл нұрдан да «Ислам кел-
ді, пұттар қирады, туыстық, ізгілік патшалық құрды» 
деген дауыс шықты. Шошып ояндым. Жолдастарыма: 
«Уаллаһи, Құрайыштың осы тайпасында айтулы оқиға 
167
Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/601


183
Аллаһ пен расулына шақыру
орын алайын деп тұр», – деп, түсімді оларға баяндап 
бердім. 
Біз елімізге келген соң, Ахмед деген адамның 
пайғамбар ретінде жіберілгенін естідік. Дереу жолға 
шықтым. Аллаһ расулына барып, түсімді айттым. Ол 
былай деді: «Ей, Амр ибн Мүрра, мен күллі адамзатқа 
жіберілген пайғамбармын. Оларды Исламға шақырып, 
өз жандарын қорғауды, туыстық қатынасты үзбеуді, бір 
Аллаһқа құлшылық жасауды, пұттарға табынудан бас 
тартуды, Қағбаға қажылыққа баруды, он екі айдың бірі 
болған рамазанда ораза ұстауды бұйырамын. Мұны 
қабылдаған адамға жұмақ, қарсы шыққанға тозақтың 
оты бар. Ей, Амр, иман келтірсең, Аллаһ сені тозақ аза-
бынан құтқарады». Мен: «Куәлік етемін, Аллаһтан басқа 
ғибадатқа лайық құдай жоқ, сен Аллаһтың расулысың. 
Өзгелер жақтырмаса да, сенің адал дегендеріңді адал, 
арам дегендеріңді арам деп толық сендім», – дедім де, 
мына өлеңімді оқыдым. Бұл өлеңнің қысқаша тарихы 
былай: Үйде әкем құрақ ұшып жүріп қызмет ететін 
бір пұт бар болатын. Пайғамбардың атын естігенде, 
әдейілеп барып пұтты қираттым. Сосын осы өлеңімді 
оқып, Аллаһ расулының керуеніне қосылған болатын-
мын: 
«Аллаһ хақ деп куәлік еттім, 
Тас тәңірді талақ еттім, 
Белді бекем буып һижрет еттім, 
Сенің жолыңда бөгеттердің бәрінен өттім. 
Ең абзал кісіге жолдас болдым. 
Уа, тылсым Жаратушының елшісі!».
Сонда Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Қош 
келдің, Амр!» – деп құттықтады. Пайғамбарымыздың 
қасында біраз уақыт болғаннан соң бір күні: «Жолыңа 


184
Сахабалар салған сара жол
жаным құрбан! Мені еліме жібер. Аллаһ сен арқылы 
маған ізгілік жасағаны секілді, бәлкім, мен арқылы 
оларды да игілікке бастар», – дедім. 
Пайғамбарымыз 
мені 
аттандырып 
тұрып: 
«Әркез жұмсақтық таныт. Тек қана шындықты айт. 
Елге дөрекілік көрсетпе. Тәкаппарлықтан сақтан. 
Қызғаншақтықтан аулақ бол», – деп өсиетін айтты. 
Мен қауымыма барып: «Ей, Рифағаұлдары! Ей, 
Жүхайна жамағаты! Мен Аллаһ расулының өздеріңе 
жіберген елшісімін, сендерді Исламға шақырамын. 
Сендерге қан төкпеуді, бір Аллаһқа ғибадат жасауды, 
меңіреу пұттарды тастауды, Қағбаны зиярат етуді, он екі 
айдың бірі болған рамазанда ораза тұтуды бұйырамын. 
Қабылдаған адамға жұмақ, қарсы шыққанға азап бар. 
Ей, Жүхайна қауымы! Аллаһ сендерді ең таңдаулы 
арабтардың қатарына қосты. Надандық жайлаған кездің 
өзінде өзге арабтар дұрыс деп тапқан кейбір әдеттер 
бізге жат еді ғой, естеріңде ме? Мысалы, олар апалы-
сіңлілерді бірге некелестіріп, қасиетті айда соғыс жари-
ялайтын, өгей шешелеріне үйленетін. Бірақ сендер он-
дай емессіңдер. Сөздің қысқасы, Бәну Луәй ибн Ғалиб 
арасынан жіберілген бұл пайғамбарды қабылдаңдар, 
мына дүниенің игілігіне, ақыреттің нығметтеріне 
кенелесіңдер», – дедім. 
Мен ауыз жиып болғанша, әлдебір адам қасыма 
тақап: «Ей, Амр ибн Мүрра, Аллаһ сені оңдырмасын! 
Бізге тәңірлерімізді тастауды, арамызға іріткі салып, ата-
бабамыздың ұлы дінінен бас тартқанымызды бұйырып 
тұрсың ба? Қайдағы бір Құрайыштықтың сандырағына 
сеніп, бізді қайда бастап тұрсың, оңбаған!» – деп, бір-
ден мынадай өлең жолдарын оқыды:


185
Аллаһ пен расулына шақыру
Мүрраның баласы сондай сөздер айтты,
Айтқаны жақсылық тілеген адамның сөзі емес.
Оның сөздері мен әрекеттері
Әйтеуір бір күні өз басына қайғы әкеледі.
Бабаларын жетесіз санайды.
Түбі қайыр таппайды.
Мен оған: «Қайсысымыз жалған айтқан болсақ, 
Аллаһ соның өмірін қор қылсын, тілін байлап, көзін 
соқыр етсін», – деп жауап қайтардым. Аллаһқа ант 
етейін, кейін сол адамның аузы қисайып, су қараңғы 
соқыр, тамақтың дәмін сезбейтін мүсәпір болып 
қалды. 
Амр Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына соқа басы 
келмей, өз қауымынан мұсылмандықты қабылдаған 
адамдарды түгел ертеді. Мәдинаға келген кезде, 
Пайғамбарымыз оларды қуана қарсы алды. Кейін мына 
хатты жазып берді:
«Аса қайырымды, ерекше рақымды Аллаһтың аты-
мен. Бұл 

Аллаһтың пайғамбарының Амр ибн Мүрра 
арқылы Жүхайна ибн Зәйд тайпасына жолдаған үшбу 
хаты. Құтты қонысың, тау, жазық-ойпаттарымен бірге 
малыңның өрісі, өзен-суларың, олжаның бестен бірін 
беру және бес уақыт намаз оқу шартымен өздеріңде 
қалады. Отар қой мен табын сиыр бірге өріп, бірге жу-
саса, салыққа екі қой бересіңдер, егер олар өз алдына 
бөлек бағылса, әр отар қой үшін бір қой бересіңдер. 
Мініс көлігі мен құдықтан қауға тартатын малдар үшін 
салық салынбайды. Арамыздағы бұл келісім-шартқа 
Аллаһ пен осы маңдағы мұсылмандар куә»
168

168
Ибн Кәсир, әл-Бидая 2/351


186
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет