Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 иСлАМғА шАҚыРу МАҚСАТындА



Pdf көрінісі
бет78/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

24. иСлАМғА шАҚыРу МАҚСАТындА 
САхАбАлАРдың ЕлшІ РЕТІндЕ 
ЖІбЕРІлуІ
хишам ибн Ас пен жолдастарының 
ираклийге жіберілуі
Хишам ибн Ас әл-Әмәуи (р.а.) айтады: «Әбу 
Бәкірдің халифалығы кезінде бір жолдасым екеуміз 
Рим императоры Ираклийді Исламға шақыру үшін 
елші етіп тағайындалдық. Жолға шықтық. Шамға жет-
кенде, Жәбәла ибн Әйхам әл-Ғассаниға қонақ болдық. 
Біз барған кезде, Жәбәла өз орнында отырған еді. Біз: 
«Елшімен сөйлеспейміз, тек патшамен тікелей кездесіп, 
тілдесу үшін келдік, рұқсат берсеңіз, онымен көзбе-көз 
сөйлессек», – дедік. 
Елші кері қайтып, біздің сөзімізді жеткізді. Пат-
ша кездесуге келісіп, бізден: «Не қалайсыңдар?» – деп 
сұрады. 
Сөзді Хишам ибн Ас бастап, патшаға Ислам 
туралы айтты. Патша шымқай қара киініп алып-
ты. Хишам: «Былайша киінуіңнің мәнісі не?» – деп 
сұрағанда, патша: «Ант етемін, сендерді Шамнан 
қуып шықпайынша, бұл киімімді шешпеймін», – деді. 
Біз: «Мына астыңдағы тағыңды да аламыз. Ұлы би-
леуші Кисраның сұлтандығының да шаңырағын ор-
тасына түсіретінімізге күмәнің болмасын. Мұны бізге 
Пайғамбарымыз Мұхаммед айтты», – дедік. Патша: «Бұл 
айтқандарыңды сендер емес, күндіз ораза тұтумен, түні 
намазбен өткізетін қауым жүзеге асырады», – деді»
171

171
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/817 (30309)


191
Аллаһ пен расулына шақыру
25. иМАнғА шАҚыРу үшІн 
САхАбАлАРдың хАТТАР ЖІбЕРуІ 
Зияд ибн Харис әс-Судаи (р.а.) былай деген: «Аллаһ 
расулына 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
барып, серт бердім. Сол 
кезде Расулаллаһтың менің қауымыма әскер жібергенін 
естіп: «Уа, Расулаллаһ, әскеріңді кері қайтар, қауымым 
Исламға кіріп, мойынсұнады деп ойлаймын», – дедім. 
Ол келісіп, маған әскерді кері қайтаруды тапсырды. 
Мен оған мініс көлігімнің қатты болдырғанын айттым. 
Сосын ол басқа біреуді жіберіп, әскерін кері 
қайтарды. Мен қауымыма хат жаздым. Хатымды 
алғаннан кейін, Исламға кіргендіктерін білдіру үшін 
қауымым елшілер жіберіпті. Расулаллаһ: «Судалық ба-
уырым! Сен, шынында да, қауымыңның арасында бе-
делді адам екенсің», – деді. «Жоқ, оларды тура жолға 
салған Аллаһ тағала», – деп айттым. Ол маған: «Сені 
оларға басшы етейін бе?» – деді. Мен: «Жарайды», – 
деп келістім.
Осыған орай, Аллаһ расулы мені басшы еткендігі 
туралы хат жазды. «Уа, Расулаллаһ, маған зекеттерінің 
бір мөлшерін берулерін де бұйырыңыз», – дедім мен. 
Ол: «Жарайды», – деп екінші хатты жазды. Бұл оқиға 
Пайғамбарымыз сапарда жүрген кездерінің бірінде 
орын алған еді. 
Расулаллаһ бір жерге тоқтағанда, сол жердің 
халқынан біраз адамдар келіп, басшыларының үстінен 
шағым айтады: «Надандық дәуірінде оның қауымымен 
арамызда шетін оқиға болған еді, соның өшін енді біз-
ден алуда», – дейді. Расулаллаһ басшымыздың бақай 
есептің адамы екеніне әбден көз жеткізген соң, сахаба-


192
Сахабалар салған сара жол
ларына (араларында мен де бар болатынмын): «Мүмін 
адам үшін басшылықтан қайыр жоқ», – деді. 
Судаи айтады: «Аллаһ расулының осы сөзі маған 
қатты әсер етті. Сол сәтте тағы бір адам келіп: «Уа, 
Расулаллаһ, маған бір нәрсе бер», – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз: «Мұқтаж болмаса да, біреуге алақан 
жайған адамның бұл әрекеті өзіне кесел боп жабысады. 
Нақтырақ айтсақ, басы не іші ауыратын болады», – деді. 
Әлгі адам: «Онда зекеттен бер», – дейді. Расулаллаһ: 
«Аллаһ тағала зекет мәселесінде пайғамбардың да, 
басқа адамдардың да үкіміне разылық білдірмейді. Зе-
кет туралы үкімді Өзі белгілеген, зекет берілетін адам-
дарды сегіз топқа бөлген. Егер сен осы топтардың біріне 
кіретін болсаң, әрине, сен де құр қалмайсың», – дейді. 
Пайғамбарымыздың бұл сөзі де маған үлкен ой 
салды. Өйткені мен дәулетім жете тұра, садақа сұраған 
едім. Аллаһ расулы намазын оқығаннан кейін, сол екі 
хатты әкеліп: «Уа, Расулаллаһ, мына екеуіне байланыс-
ты кешірім сұраймын», – дедім. «Ойыңа не түсті?» – деп 
сұрады ол. «Жаңа сенен мүмін адам үшін басшылықта 
қайыр жоқ екенін естідім. Алайда мен Аллаһ пен ра-
сулына сенемін және сенің сөзіңнен мұқтаждығы 
жоқ адамның өзгеге алақан жайып, тілемсектенуінің 
арты жақсылыққа апармайтынын ұқтым», – дедім. 
Расулаллаһ: «Мұны қабылдасаң да, бас тартсаң да, өз 
еркің», – деді. Мен: «Бас тартамын», – дедім. Ол: «Олай 
болса, маған басқа адамды көрсет, сендерге басшы етіп 
тағайындайын», – деді. Мен келген кеңестің ішінен бір 
адамды көрсеттім, ол соны тағайындады»
172
.
172
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/375 (37075)


193
Аллаһ пен расулына шақыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет