халидтің (р.а.) грек қолбасшысы
Жәражаны исламға шақыруы және оның
мұсылман болуы
Уақиди мен басқалар риуаят етеді: «Йәрмук
соғысында грек қолбасшыларының бірі – Жәража сап-
тан шығып, Халид ибн Уәлидтің (р.а.) арамызда бар-
жоғын сұрағанда, Халид саптан шығып, оған қарсы
беттейді. Екеуінің бір-біріне тақау келгені соншалық –
аттарының басы түйіседі.
– Ей, Халид! Маған шыныңды айт, өтірік сөйлеме.
Өйткені, азат адам өтірік айтпайды. Маған айлакерлік
те жасама, өйткені, Аллаһ жолында елшілік жасаған
адам ешқашан қулыққа бармайды. Аллаһ сендердің
пайғамбарларыңа көктен бір қылыш түсіріпті, ол оны
саған беріпті. Сен ол қылышты сілтегенде саған ешкім
шақ келмейді екен, осы рас па?» – деп сұрайды. Ха-
лид:
– Жоқ», – деп жауап береді.
– Олай болса, неліктен сені «Аллаһтың қылышы»
деп атайды? Осыны түсіндіріп берші, – дегенде, Халид
(р.а.):
– Аллаһ бізге пайғамбарын жіберді. Ол бізді
Исламға шақырды. Біз де әуелі одан қашқақтаған бо-
латынбыз. Сосын біраз адам оны растап, қатарына
қосылды, біразымыз оны өтірікшіге балап, одан бойы-
мызды аулақ салуға тырыстық. Мен де оған қарсылық
174
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/654 (11008
197
Аллаһ пен расулына шақыру
танытқандардың арасында болатынмын. Сосын Аллаһ
ізгілікті нәсіп етіп, біз де Пайғамбарымызға (с.а.с.)
сертімізді бердік. Сонда ол маған: «Сен Аллаһтың
мүшріктерге сілтеген қылыштарының бірісің», – деп,
Аллаһтан маған жәрдем беруін тіледі. Сол себептен
мені «Сәйфуллаһ» (Аллаһтың қылышы) деп атайды.
Мүшріктерге қарсы ең кектілердің бірімін», – деп жау-
ап береді.
– Жарайды, Халид, бізді не нәрсеге шақырасың?
– Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ
екеніне сенуге, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және ра-
сулы екеніне куәлік келтіруге және Аллаһтан келген
ақиқаттарға иман келтіруге шақырамын, – деп жауап
береді.
– Мұны қабылдамағандарға не істейсіңдер? – деп
сұрайды.
– Жизия салығын талап етеміз. Егер жизия төлесе,
оларды қорғаймыз.
– Төлемесе ше?
– Соғыс жариялап, олармен қасық қанымыз
қалғанша шайқасамыз.
– Сендермен келісіп, қатарларыңа бүгін қосылған
адамның жағдайы қалай болмақ?
– Аллаһтың бізге парыз еткен бұйрықтарының ал-
дында текті адамдар мен қатардағы адамдар, Исламға
алғаш кіргендер мен кейін кіргендер арасында ешқандай
айырмашылық жоқ, оларды бір-бірінен бөліп-жарып
қарамаймыз, бәріне көзқарасымыз бірдей.
– Қатарларыңа бүгін қосылған адамға да сендерге
берілгендей сауап беріле ме?
– Иә, тіпті одан да артық сауап жазылады.
198
Сахабалар салған сара жол
– Сендер олардан бұрын мұсылман болдыңдар,
олар қалайша сендермен тең болмақ?
– Біз Исламға ерікті түрде емес, яғни өз
қалауымызбен емес, белгілі бір деңгейде мәжбүрлі түрде
кірдік. Пайғамбарымызға серт бергенде, ол арамызда
болатын. Оған көктен уахи келді, бізге Құран арқылы
хабарлар жеткізді, мұғжизалар көрсетті. Біздің көрген
нәрселерімізді көріп, естіген нәрселерімізді естіген
адамның Исламға кіріп, серт бермеуі мүмкін емес бо-
латын. Ал сендер біздің көрген ғажайып нәрселерімізді
көрген жоқсыңдар. Сондықтан да сендерден шын ни-
етпен бұл дінге кіргендердің дәрежесі бізден жоғары
болады.
– Уаллаһи, сен маған шындықты айттың,
алдамадың.
– Аллаһқа ант етейін, саған шындықты айттым.
Өйткені сенің сұраған нәрселеріңе берген жауаптарым
маған емес, Аллаһқа тән, – дегенде, Жәража қалқанын
түсіріп, Халидтің жанына келіп: – Маған Исламды үйрет,
– дейді. Халид оны шатырына алып барды. Жәража
бой дәретін алған соң, екеуі екі рәкат намаз оқиды.
Гректер Жәражаның Халидпен бірге қайтқанын көріп,
мұсылмандарға бар ашу-ызасымен лап қояды. Икрима
ибн Әбу Жәһіл мен Харис ибн Хишам қолбасшылық
еткен жасақтардан басқа барлық әскерлер кері шегінуге
мәжбүр болады. Содан соң Халид пен Жәража үзеңгіге
аяқ артады. Ол кезде гректер Ислам әскерінің ортасына
сыналай еніп кеткен еді. Халид (р.а.) әскеріне бұйрық
берген кезде, мұсылмандар шабуылдауға көшеді. Грек-
тер бұрынғы орындарына қарай шегінеді. Халид пен
Жәража күн шыққаннан бастап күн батқанға дейін
шайқасады. Мұсылмандар бесін және намаздыгер на-
199
Аллаһ пен расулына шақыру
маздарын ишаратпен оқиды. Жәража қан майданда
шейіт болады. Халидпен бірге оқыған сол екі рәкат на-
маз оның алғашқы әрі ақырғы намазы еді
175
.
Достарыңызбен бөлісу: |