213
Аллаһ пен расулына шақыру
Таңертеңгісін пұтты орнынан таба алмаған Амр: «Бүгін
түнде тәңірімізге қай оңбаған жауыздық жасады?» – деп
қалтарыс-бұлтарысқа дейін сүзіп, іздеуге кіріседі. Та-
уып алып, шаң-тозаңын сүртіп, оған хош иістер сеуіп:
«Аллаһқа ант етемін, мұны жасаған адамды ұстасам,
көресіні көрсетер едім», – дейді. Түн қараңғылығында
әбден ұйқыға кетті-ау дегенде, жастар пұтты тағы
қоқысқа тастайды. Бұл қолайсыз жағдай бірнеше рет
үсті-үстіне қайталанды. Бірде ол пұтты әбден тазалады.
Үстіне хош иіс септі. Содан соң мойнына қылышын
іліп, «Бұларды саған кім істеп жүргенін білмеймін,
қолыңнан келсе, өзіңді қорға, міне, қылыш», – деп
тастап кетеді.
Үшінші түні де жастар пұттың мойнындағы
қылышты алып, оған өлген итті қосақтап шұңқырға
тастайды. Ертеңіне Амр өлген итке қосақталған пұтты
шұңқырдан тауып алады. Өзінің ағаттығын түсініп,
мұсылман болғандарға барып, иман келтіріп, Исламға
кіреді. Кейін ол нағыз мүмін атанды
182
.
Достарыңызбен бөлісу: