Әбу дәрданың исламға кіруі және сол жол-
да ибн Рауаханың жасағандары
Уақиди былай деп жазады: «Әбу Дәрда (р.а.)
өзінің отбасы ішінде Исламды қабылдаған соңғы адам
болатын. Пұтқа әлі табынып жүрген кезі еді. Пұттың
бетін сүлгімен тұмшалап қоятын. Абдуллаһ ибн Рауаха
оны Исламға шақыратын, ал ол оның сөзін құлағына
да қыстырмайтын. Ибн Рауаха Исламнан бұрын Әбу
Дәрдамен туысқан еді. Күндердің күні Ибн Рауаха
әдеттегіше Әбу Дәрданың үйіне бет алады. Анадай-
дан Әбу Дәрданың үйінен шығып, басқа жаққа кетіп
182
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/166
214
Сахабалар салған сара жол
бара жатқанын байқап қалады. Ол Әбу Дәрданың
табалдырығынан аттайды, әйелі шашын тарап отыр
екен. Одан: «Әбу Дәрда қайда?» – деп сұрайды. «Жаңа
ғана шығып кетті», – дейді әйелі ештеңеден қаперсіз.
Ибн Рауаха (р.а.) қолына балта алып, пұт тұрған
жерге кіріп, ішінен шайтандардың есімін күбірлей
жүріп әрі «Аллаһтың жанында тәңір деп аталған барлық
нәрсенің негізі, тамыры жоқ» деген өлең жолдарын
қайталай айтып, пұтты қиратып тастайды. Балтаның
даусын естіген үй иесі: «Ибн Рауаха, бұның не?!» –
деп айқайлайды. Ибн Рауаха (р.а.) түк болмағандай ол
жерден қарасын батырады. Әбу Дәрда жылап отырған
әйелінің үстінен түседі. «Не болды?» – деп, мән-жайды
сұрағанда, «Бауырың Ибн Рауаха келіп, пұтты қиратып
кетті», – дейді.
Әбу Дәрданың талағы тарс айырылады. Сабасына
түскен соң, ішінен: «Пұттың қолынан бір нәрсе келсе,
өзін қорғап қалар еді ғой», – деп ойлайды. Ибн Рауа-
ханы тауып алып, Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
барып, мұсылман болады»
183
.
омардың Амр ибн Асқа жіберген жизия
мен тұтқындары туралы хаты
Зияд ибн Жәзәз әз-Зубәйди былай дейді: «Омардың
(р.а.) халифалығы кезінде Александрияны алғаннан
кейін, Бәлхибте болып, мүміндер басшысының хатын
күттік. Хат келді. Хатты Амр ибн Ас оқыды. Хатта бы-
лай жазылған еді:
«Хатыңды алдым. Александрия басшысының
жизия төлейтінін, алайда тұтқындарды қайтаруды та-
лап еткенін жазыпсың. Ант етемін, бізге және бізден
183
Хаким, әл-Мүстәдрәк 3/380 (5449)
215
Аллаһ пен расулына шақыру
кейінгі мұсылмандарға тұрақты табыс көзі болып та-
былатын жизия тұрақсыз олжадан артық. Осыған орай
қолдарыңдағы тұтқындарға Ислам мен қауымдарының
дінінің бірін таңдау еркін беріп, Александрия басшы-
сына жизия төлеуді ұсыныңдар. Исламды таңдаған
тұтқын мұсылмандардың қатарына қосылған болып
саналады. Өз қауымының дінін таңдағандарға жизия
жүктеледі. Тұтқындардың ішінен араб жеріне, Мек-
ке, Мәдина және Йеменге кеткендерін кері қайтаруға
күшіміз жетпейді. Сол себепті қолымыздан келмейтін
мәселеде бейбіт бітім жасау дұрыс емес».
Амр (р.а.) мүміндердің әміршісі Омар (р.а.) жазған
хатта айтылған талаптарды жеткізу үшін, Александрия
басшысына елші жібереді. Ол «Қабылдадым» деген жа-
уап айтады.
Риуаят етуші әңгімелейді: «Жасалған келісімшарт
бойынша, қолымыздағы тұтқындарды жинадық. Хрис-
тиандар да жиналды. Сосын біртіндеп қолымыздағы
тұтқындарды әкеліп, оларға Ислам мен христиандықтың
бірін таңдау еркін бердік. Олардан Исламды таңдаған
біреу болса, біз Александрияны бағындырғаннан бе-
тер қуанып, дауыстап тәкбір айттық. Ал, өз сенімін-
де қалған христианды жақтастары мұрын астынан
міңгірлеп, қуанышын осылай білдіріп жатты. Ал біз
оған жизия жазып отырдық. Сөйтсе де, бұған арамыздан
қандыкөйлек достарымыздың бірі кетіп қалғандай
қатты қынжылдық. Соңына дейін осылай жалғасты.
Әкелінген тұтқындардың арасында Әбу Мәриям
Абдуллаһ ибн Абдуррахман деген біреу бар еді.
Зубәйдұлдарының білгірі болатын. Оны тоқтатып,
Ислам мен христиандықтың бірін таңдауды ұсындық.
Ол ата-анасы және қарындастары христиан екендігіне
216
Сахабалар салған сара жол
қарамастан, Исламды таңдады. Біз оны қатарымызға
қосып алдық. Ата-анасы мен қарындастары ара түсіп,
оны бізден бөліп алуға тырысты, тіпті әрі-бері тартқылап
үстіндегі киімінің жұлма-жұлмасын шығарды. Қазір ол
біздің білгіріміз»
184
.
Достарыңызбен бөлісу: |