230
Сахабалар салған сара жол
масқара болмайық десеңдер, әлі де кеш емес, бұл істен
осы бастан бас тартыңдар. Жоқ, осылардың барлығына
көніп, айтқанын шын
ықыласпен орындасаңдар ғана
оны қамқорлықтарыңа алыңдар. Пайғамбарға сүйеніш
болу – дүние мен ақыреттегі игілігі мол ең қайырлы
іс».
Ансарлар: «Мал-мүлкіміз таланып, адам шығыны
орын алса да,
өз қамқорлығымызға алып, оны құшақ
жая қарсы аламыз», – деп жауап бергеннен кейін, «Уа
Расулаллаһ, уәдемізде тұрсақ, бізге не беріледі?» – деп
сұрады. Аллаһ расулы: «Жұмақ», – деп жауап берді.
Олар «Олай болса, қолыңды бер», – деп оған серт бер-
ді
200
.
Ибн Ысхақтың басқа бір риуаятында осы хадистің
соңында мынадай қосымша мәлімет беріледі: «Серт
беру
рәсімі біткеннен кейін, Аллаһ расулы
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Қане, енді
аттарыңа қона берсеңдер бо-
лады», – дейді. Аббас ибн Убада: «Уа Расулаллаһ,
сені ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етемін, қаласаң,
ертең қылышымызды қынынан суырып, Мина халқына
шабуылдайық», – дейді. Аллаһ расулы: «Жоқ, бізге бұл
бұйырылған жоқ, әзірге тарқаңдар», – дейді
201
.
Достарыңызбен бөлісу: