246
Сахабалар салған сара жол
Шәйбаны саған тапсырамын. Қолымнан ештеңе келер
емес», – деп дұға етті.
Содан кейін Харам мешітінен шыққан бетінде
Әбул-Бахтериге кезікті. Ол таяғына сүйеніп, ауыр ойға
шомып тұр екен.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
жабырқау жүзін байқап: «Саған не болды?» – деп
сұрайды. Аллаһ расулы: «Жолымды бөгемеші», – дейді.
Әбул-Бахтери: «Құдай ақы, не болғанын айтпайыңша,
кетпеймін. Саған бір нәрсе болды, кәне, айт!» – деп тұрып
алады. Аллаһ расулы басынан өткен жағдайды қысқа
қайырып, құлықсыз баяндайды. Өңі өрт сөндіргендей,
Әбул- Бахтери Харам мешітіне тартады. Әбул-Бахтери
Әбу Жәһілге: «Әбул-Хакәм, Мұхаммедтің үстіне
түйенің қан-жынын қотарған сен бе?» – деп сұрайды.
Әбу Жәһіл: «Иә», – дейді мізбақпай тесірейе қарап.
Оның бұл оспадарлығына жаны күйіп
кеткен Әбул-
Бахтери қолындағы таяғымен Әбу Жәһілдің басынан
салып қалады.
Сол жердегілер ұйлығысып, бір-біріне
тығылды. Әбу Жәһіл: «Сенің бұл әрекетің бізді досқа
күлкі, дұшпанға таба ететін болды. Мұхаммед арамызға
іріткі салып, өзі мен жолдастарын құтқарғысы келеді!»
– деп ашына айқайлады»
223
.
Бұхаридің риуаятында бұл оқиға былай беріледі:
«...Уқба ибн Әбу Муайт қан-жынды әкеп Аллаһ
расулының арқасына ақтара салады.
Оған барлығы
қарқылдап күледі. Тіпті ішек-сілесі қатқан біреуі әлгі
жерде құлап қалмау үшін қасындағыға сүйенді».
Ахмәд ибн Ханбәлдің риуаятында да осы оқиғаға
қатысты мынадай мәлімет кездеседі: «Абдуллаһ ибн
Мәсғуд айтады: «Уаллаһи, Аллаһ расулы (с.а.с.) есім-
223
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/13 (9818)
247
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
дерін атап тұрып, Аллаһқа тапсырған сол мүшріктердің
барлығы Бәдір соғысында жер жастанды»
224
.
Достарыңызбен бөлісу: