238
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымыздың көкесіне айтқаны
Бәйхақи былай риуаят етеді: «Әбу Тәліп Пайғам-
барымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Жиенім!
Маған сенің
қауымыңның адамдары келді. Біраз нәрселер айтты.
Мені де, өзіңді де қинамасаңшы,
көтере алмайтын
шоқпарды белге байлап қайтеміз?! Жұрт қаламайтын
сөздерді оларға айтпай-ақ қойсаң болмай ма?» – дей-
ді. Аллаһ расулы көкесінің
көзқарасының өзгергенін,
қолдау көрсетуге қиналатынын,
ендігі жерде өзіне
сүйеніш болудан бас тартатынын ойлап: «Көке! Оң
қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да,
мен бұл
ісімнен бас тартпаймын. Не Аллаһ дінін жеңіске жет-
кізеді, не болмаса мен осы жолда шыбын жанымды
қиямын», – деді көзі жасаурап. Осыны айтып, бұрылып
кетіп
бара жатқанда, Әбу Тәліп: «Жиенім! Бері кел!»
– дейді. Аллаһ расулы қайтып келеді. Әбу Тәліп оған:
«Бопты, ісіңді жалғастыр. Сені ешкімге де бермейтін-
дігіме ант етемін», – дейді
214
.
Достарыңызбен бөлісу: