Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет108/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

2. САхАбАлАРдың 
ҚиыншылыҚТАРғА ТөЗуІ
Әбу бәкірдің көрген зорлық-зомбылықтан 
қаймықпай дінді ашық үгіттеуге шақыруы 
Айша 
(р.анһа)
былай дейді: «Бір күні Пайғам-
барымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
сахабалары (ұзын-саны 
отыз сегіз адам) бас қосқанда, Әбу Бәкір дінді ашық 
насихаттау жөнінде Аллаһ расулына ұсыныс жасады. 
Пайғамбарымыз: «Дінді ашық насихаттайтындай күн 
әлі туған жоқ. Өйткені, қарамыз аз», – дейді. Алай-
да, Әбу Бәкір айтқанынан қайтпаған соң, Расулаллаһ 
дінді ашық насихаттау мақсатында мешітке барды. 
Мұсылмандар мешіттің түкпір-түкпіріне барып, әрбірі 
өз жақындарының қасында отырғанды жөн көрді. 
Әбу Бәкір көпшіліктің алдына шығып, сөйлеп, дін-
ді уағыздады. Расулаллаһ та сол жерде отырып, оны 
тыңдады. Әбу Бәкір өзі айтқан ұсынысқа өзі бас болып, 
халықты Аллаһ пен расулына иман келтіруге шақырған 
алғашқы мұсылман атанды. Әбу Бәкірдің дінді ашық 
уағыздауы мүшріктер үшін күтпеген соққы болды. 
Олар сұмдық қылмыс жасалғандай, Әбу Бәкір мен 
өзге де мұсылмандардың үркердей тобына лап қойды. 
Әбу Бәкір (р.а.) таяққа жығылды. Бұзақылығымен аты 
шыққан Утба ибн Рабиа Әбу Бәкірді қан-жоса етіп 
тепкілеп, мылжа-мылжасын шығарды. Тәймұлдары 
230
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/136; Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 
3/298


254
Сахабалар салған сара жол
көмекке ұмтылып, Әбу Бәкірді мүшріктердің қолынан 
ажыратып алды. Үйіне жеткізіп салды. Есінен танып 
қалғанына қарап, ел оның тірі қалуын екіталайға жоры-
ды. Әбу Бәкірдің соққыдан адам танымастай өзгеріп кет-
кен бет-әлпетін, өлімші халін көріп, Утба ибн Рабианың 
жауыздығына зығырданы қайнаған Тәймұлдары Харам 
мешітіне кіріп: «Осыдан Әбу Бәкір өліп кететін болса, 
Утба ибн Рабианы тірі қоймаймыз», – деп серт берді.
Олар Әбу Бәкірдің қасына қайтып оралды. Әкесі 
Әбу Кухафа мен Тәймұлдары Әбу Бәкірдің есін жи-
нап тілге келуін күтті. Әбу Бәкір тек күн ұясына 
батуға айналғанда ғана тілге келді. Есін жиысымен 
«Расулаллаһтың жағдайы қалай?» деумен болды. Оның 
есін жинап, тіршілік белгісін танытқанына көңілі орны-
на түскен тілеулес дос-жараны мен ағайын-жұрты ана-
сы Үммі-Хайрмен оңаша қалдырып, өз жөніне кетеді. 
Әбу Бәкір анасынан «Расулаллаһ қайда?» деп сұраумен 
болады. Анасының хабары жоқтығын естігенде, 
«Олай болса, Үммі Жәмил бинти Хаттабқа бар, Аллаһ 
расулының хал-жағдайын бір білсе, сол білер», – дейді. 
Анасы ұлының Аллаһ елшісінің хал-жағдайын білмей 
тыншымайтынына көзі жеткен соң, Үммі Жәмилге ба-
рады. Үммі Жәмил: «Әбу Бәкірде де, Мұхаммедте де 
менің шаруам жоқ. Бірақ, қаласаң бір жағыңа шығысып, 
балаң оңалып кеткенше, қасыңда болайын», – дейді. 
Олар келгенде, Әбу Бәкір (р.а.) есінен танып жатқан бо-
латын. Үммі Жәмил кеудесінде бұрқ ете қалған ызадан 
булығып: «Уаллаһи, сені осындай халге жеткізгендер 
осы тағылығымен өздерінің барып тұрған пасық екенін 
көрсетті. Әлі-ақ Аллаһ олардан сенің өшіңді алып 
береді», – дейді. Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбарымыз 


255
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
қайда? Жағдайы қалай?» – деп сұраумен болды. Үммі 
Жәмил: «Анаң осында, естіп қоймасын», – дейді. Әбу 
Бәкір: «Анамнан қауіптенбей-ақ қой», – деген соң, 
Үммі Жәмил: «Ол аман-есен», – дейді. Әбу Бәкір (р.а.) 
оны қазір қайдан табуға болатынын сұрағанда, Үммі 
Жәмил Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ибн Әрқамның 
үйінде екенін айтады. Әбу Бәкір (р.а.): «Аллаһқа ант 
етемін, пайғамбардың аман-есен екенін өз көзіммен 
көрмейінше, нәр сызбаймын», – дейді.
Көшеде жүргіншілердің қарасы сиреп, адам аяғы 
саябырсығанда, анасы мен Үммі Жәмил Әбу Бәкірді 
(р.а.) екі жағынан демеп, Ибн Әрқамның үйін бетке 
алды. Үйге кіргенде, Пайғамбарымыз бен сахабалар 
Әбу Бәкірдің хал-жағдайын тәптіштей сұрады. Тіпті 
көңілін аулап, оған жігер бере сөйлегендері болды. Әбу 
Бәкірдің мұндай күйге түсуі былайғы жұртқа қарағанда, 
Аллаһ расулының (с.а.с.) қабырғасын қайыстырып, жа-
нына қатты батты. Соған қарамастан Әбу Бәкір (р.а.) 
қасындағы анасын нұсқап, «Жолыңда жаным құрбан, 
уа, Расулаллаһ! Міне, мынау – менің анам. Ол – өте 
мейірімді жан. Сенің дұғаң қабыл болады ғой, анам-
ды Аллаһқа иман келтіруге шақырып, дұға ет. Бәлкім, 
дұғаңның құрметіне оны тозақтан сақтар», – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұға етіп, оны теңдесі жоқ, 
бір Аллаһқа иман келтіруге шақырады. Анасы сол жер-
де Исламды қабылдап, мұсылман болады. 
Ұзын саны отыз тоғызға жетіп жығылатын 
мұсылмандар Ибн Әрқамның үйін бір ай паналады. Әбу 
Бәкір (р.а.) соққыға жығылған күні Пайғамбарымыздың 
көкесі Хамза 
(р.а.) 
да мұсылман болған еді»
231
.
231
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/31


256
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет