248
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымызға көршілері Әбу ләхаб
пен уқба ибн Әбу Муайттың көрсеткен
қорлықтары
Рабиа ибн Убәйд әд-Дили
(р.а.)
былай деген:
«Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Құрайыштардың
көрсеткен қорлықтары мен жәбір-жапасы тура-
лы жұмған ауыздарыңды ашпайсыңдар.
Өз басым
Құрайыштардың Пайғамбарымызға көрсеткен бір-
талай қоқан-лоққысына куә болдым. Солардың бірі
мынау: Аллаһ расулының үйі
Әбу Ләхаб пен Уқба
ибн Әбу Муайттың үйлерімен іргелес еді. Екі әлем
Сардары (с.а.с.) үйіне келгенде, өзі жоқта есігінің ал-
дына тасталған малдың ішек-қарын,
қан-жынын, ша-
шылып жатқан қоқысты көретін. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) аяғының ұшымен ыбырсыған қоқысты ысырып
тастап, «Көршіге жасаған сый-құрметтерің осы ма, ей,
Құрайыштар?» деп налитын»
226
.
Достарыңызбен бөлісу: