257
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
теңдесі жоқ. Мұхаммед – Оның құлы әрі расулы», –
дейді тайсалмай.
Ызаланған мүшріктер Омарға тап береді. Омар
(р.а.) бірден Ұтбаға ұмтылады. Ұтба жан даусы шыға
бақырып, Омардың шеңгелінен өлдім-талдым дегенде
сытылып шығады. (Әдетте пиғылы жат көпшілікпен
жалғыз қалғанда қолданатын тәсіліне басып, Омар
(р.а.)қарсы жақтың топ жарған көсемін тобығынан
қағуды көздейтін. Өзінен күші басым, қарасы көп
жаудан осылайша қорғанатын). Омар (р.а.) айтқан
сөзінде тұрып, жолында кездескендерге өзінің иманға
келгенін жалықпай, қажымай жариялады. Осылай-
ша, мүшріктердің мысын басып, ат төбеліндей аз
мұсылмандардың рухын бір көтеріп тастаған Омар:
«Уа, расулаллаһ, бұдан былай ешбір жан сені ренжіт-
пейді деп ойлаймын. Иманға келіп, Исламға кіргенімді
жалпақ жұртқа жайып шықтым», – деді.
Аллаһтың қалауымен Омардың (р.а.) осынау
батыл қадамынан кейін, қанат бітіп, жігер алған
Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
қауіп қайдан келер деп алаңдамай
Қағбаны тауап етеді. Сосын бесін намазын оқып, Омар-
мен бірге Ибн Әрқамның үйіне қайтты»
232
.
Достарыңызбен бөлісу: