274
Сахабалар салған сара жол
боялдым. Әйтеуір үйтіп-бүйтіп қашып шықтым.
Қағбаның жабуының артына тығылып, сол жерден
тырп етпей, жарты ай уақыт жасырындым. Зәмзәм суы-
нан басқа қорегім де жоқ. Содан бір күні Расулаллаһ
пен Әбу Бәкірдің Харам мешітіне кіргенін көрдім. Оған
«Әссәләму аләйкә, уа, расулаллаһ!» деп мұсылманша
сәлем бердім. «Уә аләйкәссәләму уә рахматуллаһ», –
деп сәлемімді алып, менен: «Сен кімсің?» – деп сұрады.
«Ғифарұлдарынанмын», – дедім мен. Әбу Бәкір (р.а.):
«Уа, Расулаллаһ, маған рұқсат етсеңіз, бүгін оны қонақ
етейін», – деді. Әбу Бәкір (р.а.) мені Меккенің төменгі
аудандарының бірінде орналасқан үйіне ертіп апарып,
кепкен мейіз ұсынды.
Ауылыма қайтып оралған соң бауырыма мұсылман
болғанымды айттым. Бауырым да «Олай болса, мен
де сенің дініңе кіремін», – деп, мұсылмандықты
қабылдады. Сосын екеуміз анамызға Ислам дініне кір-
генімізді жайып салдық, ол да мұсылман болды Анам
мен бауырымның Исламды қабылдағанына қатты
қуанып, қауымымды Исламға шақырдым. Олардың
бірталайы мұсылмандықты қабылдады
253
.
Достарыңызбен бөлісу: