Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұсғаб ибн умәйрдің (р.а.) көрген



Pdf көрінісі
бет119/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Мұсғаб ибн умәйрдің (р.а.) көрген 
қорлықтары
Мұхаммед әл-Абдәри өз әкесінен естігенін бы-
лай жеткізеді: «Мұсғаб ибн Умәйр Меккенің сым-
дай тартылған сымбатты жастарының бірі еді. Әке-
шешесінің ол десе шығарға жаны бөлек болатын. 
Ауқатты отбасында өскен Мұсғаб қымбат матадан тігіл-
ген киімдер киетін, меккеліктердің арасында иіссудың 
сан алуан түрін қолданатын. Расулаллаһ 
(с.а.с.)
ол тура-
лы: «Меккеде Мұсғаб ибн Умәйрден асқан шашы жібек-
254
Әбу Нуайм, Хилия 1/103


277
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
тей таралып, шоқтай үлпілдеп, құмдай сусып тұратын 
ажарлы әрі талғаммен киінетін ешкім жоқ», – деген еді. 
Мұсғаб ибн Умәйр – Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.)
Ибн 
Әрқамның үйінде халықты Исламға шақырып, дінді 
уағыздап жатқанын естіген бойда келіп мұсылмандықты 
қабылдаған болатын. Алайда, мұсылман болғандығын 
маңайындағылардан жасыратын. Аллаһ елшісінің 
қасына үнемі жасырын келіп тұратын. Бірде Мұсғабтың 
намаз оқып жатқанын көріп қалған Осман ибн Талха 
бұны анасы мен туыстарына жеткізіп барады. Анасы 
мен туыстары оны райынан қайтару үшін үйінде қамап 
ұстайды. Мұсғаб мұсылмандардың алғашқы һижретіне 
дейін қамауда отырады да, кейіннен мұсылмандармен 
бірге Хабашстанға кетеді. Араға бірталай уақыт салып, 
һижрет еткен мұсылмандармен қайтып оралады. Бауыр 
еті баласының бұрынғы сәнінен айырылып, адам таны-
мастай өзгергенін әрі жүдеп-жадаған түрін көрген ана-
сы Мұсғабқа қысым көрсетуін доғарады
255

Абдуллаһ ибн хузафа әс-Сахмидің грек 
билеушісінен ықпауы 
Әбу Рафи жеткізеді: «Гректерге қарсы Омар 
(р.а.)
аттандырған әскердің сапында Абдуллаһ ибн Хузафа 
атты сахаба да бар еді. Гректер оны тұтқындап, «Мына 
адам Мұхаммедтің сахабаларының бірі» деп патшаның 
алдына алып келеді. Құлағына құрық байламайтын 
патша оны мал-мүлікпен, билікпен қызықтырып, өз 
жағына тартпақ болған әрекетінен түк өнбеген соң, 
оны өлтіруге ұйғарады. Бұл ұйғарымын жария еткенде, 
Абдуллаһ (р.а.): «Өзің біл», – дейді. Патшаның әмірімен 
Абдуллаһ (р.а.) ағашқа таңылады. Патша мергендеріне: 
255
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/82


278
Сахабалар салған сара жол
«Қолдары мен аяқтарын зақымдап алмай, тек зәресін 
ұшырып, қорқытыңдар. Әуселесін көрейік», – дейді. Ол 
Абдуллаһты қайткен күнде де райынан қайтармақ бо-
лады. Бар қулығын сарқа жұмсап, құрығына түсіруден 
күдерін үзбейді. Алайда, бұл жолғы әрекеті де сәтсіз 
аяқталады. Не ойлағаны белгісіз, сұры жаман патша 
тағы бір сұмдықтың шетін шығарып, нөкеріне қазан 
әкеліп, оған су толтырып, астына от қоюды бұйырады. 
Қазан бұрқ-сарқ қайнаған кезде мұсылмандардан екі 
тұтқынға өз діндеріңді тастап, христиан дініне өтіңдер 
деген талабын қайталайды.
Олар патшаның талабынан үзілді-кесілді бас тар-
тады. Патшаның жендеттері мұсылмандардың біреуін 
қайнап жатқан суға тастап жібереді. Патша Абдуллаһты 
да қайнап тұрған суға тастауды бұйырады. Абдуллаһтың 
көзіне мөлтілдеп жас келеді. Патшаға оның жылағанын 
жеткізгенде, билеуші оның бұл қылығын басқаша жо-
рып: «Оны алдыма алып келіңдер», – деп бұйырады. 
Жазған құлда шаршау жоқ, жаланып тұрған жендет-
тер Абдуллаһты патшаның алдына дедектетіп алып 
келеді. Патша оған соңғы мүмкіндік беріліп тұрғанын, 
осы мүмкіндікті пайдаланып, христиандыққа өтуін 
ұсынады. Алайда, Абдуллаһ бұл жолы да буынсыз жер-
ге пышақ ұрған патшаның ұсынысын елемей қояды. Ал-
дына келген тұтқынды қорқытып ықтыра алмаған пат-
ша: «Онда неге жыладың?» – деп сұрағанда, Абдуллаһ: 
«Іштей «Абдуллаһ, қазір мына қайнаған қара қазандағы 
суға түсесің. Бақ етуге де шамаң келмей, демің үзіледі. 
Әттең, денемде қанша түк бар, соншама жаным бо-
лып, соның барлығын Аллаһ жолында дәл осындай 
қазандағы қайнаған суда күйіп-пісіп пида етсем» деп 
армандадым», – дейді. 


279
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Абдуллаһтың қайсарлығына тәнті болып, амалы 
таусылған патша: «Егер басымнан сүйсең, сені боса-
тамын», – дейді. Абдуллаһ: «Егер тұтқында отырған 
барлық мұсылманды босататын болсаң ғана басыңнан 
сүйемін», – дейді. Патша айтқанына келісіп, өзге 
тұтқындарды еркіне жіберетініне сөз береді. 
Абдуллаһ бұл оқиғаның қалай аяқталғанын былай 
жеткізеді: Ішімнен: «Бұл – Аллаһ дұшпандарының бірі. 
Сөйтсе де оның басынан сүйіп, басқа мұсылмандарды 
да босатып алсам үлкен олжа. Бұдан маған не зиян келер 
дейсің» деп ойлап, патшаның басынан сүйдім» – дейді. 
Осылайша, қалған тұтқындағы мұсылмандарды 
жаудың шеңгелінен азат етеді. Олар Мәдинаға дін аман 
оралады. Бұл жағдай Омардың (р.а.) құлағына тиісі-
мен, ол «Осы ерлігі үшін әр мұсылман Абдуллаһ ибн 
Хузафаның басынан сүюі керек», – дейді. Алдымен өзі 
үлгі көрсетіп, Абдуллаһты басынан сүйеді»
256
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет