294
Сахабалар салған сара жол
Әттең, сондай мүмкіндік маған да берілгенде ғой,
өмірге ертерек келгенімде, шіркін, не істейтінімді көрер
едіңдер», – дейді. Әкесі: «Балам, Аллаһтың
азабынан
қорық, жөн сөйле. Аллаһқа ант етемін, Хандақ соғысы
болған түні Пайғамбарымыздың қасынан табылдық.
Ол бізге былай деді: «Кім жаудың сырын біліп қайтса,
яғни жау жағына өтіп, бізді жеңіске жеткізетін ақпарат
әкелсе, Аллаһ қиямет күні жұмақта оны маған жол-
дас қылады», – деді. Өзі аш, суықтан бүрсеңдеген
адамдардың ешқайсысы
орнынан қозғала қоймаған
соң, Аллаһ расулы осы сөзін үш рет қайталады. Ақыры,
ешкім алға суырылып шыға қоймаған соң, «Әй, Әбу
Хузайфа, сен бар» деді
286
.
Ибн Мәсғуд
(р.а.)
айтады: «Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
әбден ашығып, әбіржіген сахабаларына: «Сүйінші!
Жақында араларыңнан біреуің таңертеңгісін және кеш-
кісін сорпа ішетін боласыңдар», – деді. Сахабалар: «Уа,
Расулаллаһ, ол күні жағдайымыз
жақсы болады екен
ғой», – десті. Сонда Аллаһ расулы: «Керісінше, қазіргі
жағдайларың сол күннен әлдеқайда артық», – деді
287
.
Мұхаммед ибн Сирин: «Сахабалардың үш күн
бойы нәр татпай, малдың терісін отқа қақтап талғажау
еткен кездері болды. Ол табылмаса, іштеріне тас бай-
лап алатын», – деген
288
.
Достарыңызбен бөлісу: