Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың үммі Сүләймге сабыр



Pdf көрінісі
бет125/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың үммі Сүләймге сабыр 
сақтауға кеңес беруі
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
Үммі Сүләймге былай де-
ген: «Сабыр ет! Аллаһқа ант етемін, жеті күннен бері 
276
Ибн Хиббан, Сахих 12/16 (5216). Табарани «әл-Муғжамул-
кәбирде» ибн Аббастан (р.а.) Аллаһ расулы мен екі досы Әбу 
Бәкір мен Омардың бір жолы осылайша Әбул-Хайсәм ибн 
әт-Тәййихан әл-Ансаридың үйінен ауқаттанып, жалаңдаған 
аштықтың бетін қайтарғанын риуаят етеді.


288
Сахабалар салған сара жол
Мұхаммедтің отбасында жүрек жалғайтын ештеңе жоқ. 
Ошағында от жанбағанына үш күн болды. Уаллаһи, 
Аллаһтан Меккенің тауларын алтынға айналдыруды 
сұрасам, сөзсіз тілегім қабыл болар еді»
277
.
Сағыд ибн Әбу уаққастың аштықтан 
қиналуы
Сағыд ибн Әбу Уаққас 
(р.а.)
айтады: «Пайғамбармен 
(с.а.с.)
бірге Меккеде күн көріс тауқыметін шектік. 
Жоқшылыққа бойымыз үйреніп те кеткен еді. Енді сол 
Аллаһ расулымен бірге өткізген Меккедегі күндерді жиі 
еске аламын. Бірде түнде дәрет сындыруға шыққанымда 
дәретімнің жерде бір нәрсеге тигенін көрдім. Қарасам 
түйенің кепкен терісі екен. Оны алып жуып, отқа 
қақтап, сонан соң тастың арасына салып үгітіп жеп, ар-
тынан су іштім. Сөйтіп осы теріні үш күн бойы азық 
қылдым»
278
.
Ол тағы былай дейді: «Аллаһ жолында оқ атқан 
алғашқы араб мен болдым. Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.)
бір-
ге соғысқа шыққанымызда сағыз ағашының жемісі мен 
жапырақтарынан басқа жейтін ештеңе болмағандықтан, 
қойлар секілді құмалақ тастайтынбыз»
279
.
Миқдат ибн Әсуад пен екі жолдасының аш 
қалуы
Миқдат ибн Әсуад (р.а.) айтады: «Аштықтан қатты 
қиналған соң, жолдастарыммен бірге Аллаһ расулының 
сахабаларына бардық, бірақ бізді ешкім қонақ қып күте 
алмады. Ақырында, Пайғамбарымыз бізді өз үйіне ер-
тіп апарды. Ол кезде Пайғамбарымыздың үйінде үш са-
277
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/350 (18635)
278
Әбу Нуайм, Хилия 1/93
279
Бұхари, Сахих 5/2371 (6088)


289
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
уын ешкі бар еді. Осы ешкілердің сүтін Расулаллаһ біз-
ге бөліп беретін. Біз сүттің өзімізге тиесілі бөлігін ішіп, 
бір бөлігін Аллаһ елшісіне алып қалатынбыз. Аллаһ 
елшісі үйге кіргенде, ұйқыдағы адамды оятпайтындай, 
бірақ ояу адам еститіндей етіп ақырын сәлем беретін. 
Бір күні шайтан азғырып «Пайғамбарға тиесілі сүтті 
іше салсаң не қылады? Пайғамбар ансарға барса, сол 
жерде оны қонақ қылып күтеді емес пе?» деген ой кел-
ді. Содан шыдай алмай сүттің бәрін ішіп қойдым. Сүтті 
ішуіне ішіп ап: «Не істеп қойдың? Қазір Мұхаммед кел-
се, сүтін ішіп қойғанын көріп мені қарғаса, құрдымға 
кететін шығармын», – деп уайым жедім. Қасымдағы 
екі жолдасым өздеріне тиесілі сүтті ішіп, жатып 
қалған-ды. Ал мен ұйықтай алмай, дөңбекшумен бол-
дым. Үстімді жапсам аяғым, аяғымды жапсам үстім 
ашылып қалатын тілдей жамылғым бар еді. Сөйтіп 
жатқанда, Аллаһ расулы келіп, намазын оқыды. Со-
сын сүтке қарады. Сүт жоқ екенін көріп, қолын жайды. 
Мен: «Енді мені қарғайды, қазір мен құримын», – деп 
ойлап жатқанымда, Аллаһ расулы «Уа, Раббым! Мені 
тойдырғанды тойдыр, маған ішкізгенге ішкіз», – деп 
дұға етті. Осыны ести сала, үстімдегі жамылғымды 
алып тастап, үлкен пышағымды алып қораға бардым. 
Ойым – семізін таңдап Аллаһ расулына сойып беру. 
Ешкілерді көріп, таң қалдым. Барлығының желіндері 
сүтке толып тұр екен. Сосын Пайғамбарымыздың 
үйінен сүт сауатын ыдысты алып кеп, ешкілерді сауа 
бастадым. Сүтті әкеліп, Пайғамбарымызға бердім. Ол 
ішіп болған соң, маған берді. Мен де іштім де, қайтадан 
өзіне бердім. Ол ішіп, қайтадан маған берді. Мен тағы 
да іштім. Сосын бұл оқиғаға ішек-сілем қатып күлдім. 
Ол маған: «Әй, Миқдат, бұл сенің жамандықтарыңның 


290
Сахабалар салған сара жол
бірі», – деді. Мен оған болған жайтты айта бастадым. 
Расулаллаһ: «Бұл Аллаһтың рақымдылығы. Әттең, екі 
жолдасыңды да оятып, оларға да сүттен бергеніңде ғой» 
деді. «Сені хақ дінмен жіберген Аллаһқа ант етемін, сен 
ішіп тойдың, мен сенен артылғанды ішіп тойдым, енді 
оларды ұмыт қалдырғаныма ренжімеймін» дедім».
280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет