Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың шаңырағында бірне-



Pdf көрінісі
бет122/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарымыздың шаңырағында бірне-
ше күн қатарынан қазан асылмайтын
Уруа 
(р.а.)
нағашы әпкесі Айшаның 
(р.а.)
былай де-
генін жеткізеді: «Уаллаһи, жиенім, біз жаңа туған айды 
үсті-үстіне үш рет көретінбіз, осылайша екі айда үш 
рет жаңа туған айды көрсек те, Пайғамбарымыздың 
жарларының ешбірінің үйінде қазан асылмайтын». 
Мен: «Әпке, сонда қалай өмір сүрдіңдер?» – деп таңдана 
сұрағанымда, Айша: «Екі қара, яғни құрма мен суды 
қанағат тұттық. Ансар көршілер бар болатын. Олар 
Аллаһ расулына қойдың сүтін беріп жіберетін. Аллаһ 
елшісі сол сүттен бізге де ауыз тигізетін», – деп жауап 
берді
262

Мәсрук айтады: «Бір күні Айшаға 
(р.а.)
барып 
жолықтым. Маған тамақ алдыртып: «Тоя тамақтансам, 
көзіме жас келеді», – деді. «Неге?» – деп сұрағанымда, 
«Сол сәтте Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.)
дүниеден өтер 
кезі есіме түседі. Уаллаһи, ол бір күнде нан мен етті 
қатар жеп, тоя тамақтанған емес», – деді
263

Айша 
(р.а.)
айтады: «Мұхаммедтің 
(с.а.с.)
отбасы ол 
дүниеден озар алдында екі күн қатарынан арпа наны-
мен ғана жүрек жалғады». 
Айша (р.а.) анамыз әңгімесін былайша сабақтаған: 
«Пайғамбар 
(с.а.с.
) екі қара деп атаған құрма мен суға да 
жарымай ашқұрсақ дүниеден озды»
264
.
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Аллаһ ра-
сулы 
(с.а.с.)
қатарынан үш күн тоя тамақтанбай, аш 
құрсақ жүретін. Соған қарамай, Аллаһ елшісі қашан да 
262
Бұхари, Сахих 2/ 907 (2428)
263
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 1/401
264
Тирмизи, Сүнән 4/579 (2356)


283
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
өзгелердің қамын көбірек ойлап, өзінен де, отбасынан 
да артық көретін
265
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет