Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


САхАбАлАРдың ҚиындыҚТАРғА



Pdf көрінісі
бет120/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

3. САхАбАлАРдың ҚиындыҚТАРғА 
ҚАСҚАйыП ҚАРСы ТұРуы
Саид ибн Жубәйр жеткізеді. «Бірде Ибн Аббастан 
(р.а.):
«Мүшріктер сахабаларды өз сенімдерінен тайды-
ру үшін, қатты қинайтын ба еді?», – деп сұрадым. Ибн 
Аббас (р.а.): «Иә, қолына түскен мұсылмандарды ұрып, 
соғып, нәр татырмай аяусыз азаптайтыны соншалық – 
лажсыздан өздерінің айтқанына көнуге мәжбүр ететін. 
Ең сорақысы: «Лат пен Узза да Аллаһ секілді тәңір 
ғой?» – деп мүшріктер қамшы үйіріп төнгенде, амалсыз 
«Иә» дейтін. Бұған да айызы қанбай жерде қыбырлап 
бара жатқан жәндікті нұсқап: «Мынау да сенің тәңірің 
256
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/297


280
Сахабалар салған сара жол
ғой, солай ма?» – дейтін зіркілдеп. Пақырлар «Иә» деп 
құтылатын
257

Пайғамбар мен сахабаларының һижреттен 
кейінгі жағдайы
Убәй ибн Кағб 
(р.а.)
былай деген: «Аллаһ расу-
лы мен сахабалары Мәдинаға қоныс аударғанда, ан-
сарлар оларды қамқорлығына алады. Мүшрік араб-
тар оларға қарсы күш біріктіреді. Мұсылмандар екі 
шоқып, бір қарап, күні-түні қолдарынан қаруларын 
тастамайтын. Осынау аласапыран заманда мұсылман 
баласының төзіміне тарих куә. Аллаһтан басқа ешкім-
нен қорықпаған мұсылмандардың осы кездегі қажыр-
қайратына байланысты мына аят түсті:
«Аллаһ араларыңнан иман келтіріп, игі іс істеген
-
дерді сөзсіз жарылқайды. Кезінде мүміндерді дүниеде 
үстем қылғанындай олардың да мерейін үстем етеді, 
оларға өздері таңдаған Ислам дінінен айырылмайтын 
күш-қуат береді және қауіп-қатерге толы күндері арт
-
та қалады. Әрі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
мамыражай өмір орнайды. Өйткені, олар тек Маған 
ғибадат етіп, еш нәрсені Маған серік етіп қоспайды. 
Енді осыдан кейін кім күпірлікке салынса, міне, солар 
жолдан тайып, Аллаһқа қарсы келген болады»
(Нұр, 
24/55)
258
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет