295
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
оқытып тұрғанда, аштықтан титықтаған суффа саха-
балары түрегеп
тұруға шамалары келмей, гүрс етіп
құлайтын. Мұсылмандардың әрбір қимылын қалт жі-
бермейтін мүшріктер: «Мыналар жынданғаннан сау
ма?» – дейтін. Аллаһ расулы
(с.а.с.)
намазын оқып болған
соң, сахабаларына: «Аллаһтың
сендерге дайындаған
сый-құрметін көргендеріңде бастарыңды қатерге тігіп,
бұдан да ауыр сынаққа тәуекелге бел буар едік» деп ар-
мандайтын едіңдер», – дейтін
289
.
Сахабалардың жапырақ жеп жан сақтауы
Әнәс
(р.а.)
Расулаллаһтың
жеті сахабасының
талғажау етіп, бір құрманы бөліскенін, ол ол ма, жерге
түскен ағаш жапырақтарын да талғажау еткенін айта-
ды. «Содан болар, олардың ұрттары ісініп кететін еді»,
– дейді
290
.
Әбу Һұрайра
(р.а.):
«Жеті бірдей сахаба аш қалғанда,
Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
маған жеті құрма ұстатып, оларға
апаруымды тапсырды. Әрқайсысына бір құрмадан
тиді», – дейді
291
.
«Бірде қатты титықтатқан аштықтан екі қолымды
төбеме қойып, айдалаға безіп кеткім келді. Кеткенде,
бірақ, қайда барамын? Мешітке тарттым.
Саусақпен
санарлық сахабаның отырғанын көрдім. «Тыныштық
болғай, Әбу Һұрайра, бұл уақытта не істеп жүрсің?»
– деді. «Аштық қой, басқа не болушы еді?» – дедім.
«Уаллаһи, біз де аш бөрідей ұлып отырмыз», – деді
олар. Қиналған сәтте анасын іздеген бала секілдіміз, ба-
сымыздан не өтсе де, не істесек те, баяғы іздеп табаты-
289
Тирмизи, Сүнән 4/583 (2368)
290
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 10/579 (18274)
291
Ибн Мажә, Сүнән 2/1392 (4157)
296
Сахабалар салған сара жол
нымыз – Аллаһ расулы. Осы жолы да соның үйін бетке
алдық. Ол бейуақта неге келгенімізді сұрады. Біз ащы
ысқырығы табанымыздан тоздырған аштық азабын ай-
тып, келу себебімізді түсіндірдік. Пайғамбарымыз бір
табақ кепкен құрма алдырып, әрқайсымызға құрмадан
берді. «Менде бары құрма.
Артынан су ішсеңдер,
ашыққандарыңды басады», – деді. Мен құрманың біре-
уін тауысып, екіншісін қалтама салдым. Аллаһ расулы:
«Әбу Һұрайра, екіншісін жемедің ғой?» – деді. Мен
оны анама қалдырғанымды айтқанымда, «Оны өзің же,
анаңның сыбағасы бөлек», – деді де, қолыма тағы екі
құрма ұстатты
292
.
Әнәс
(р.а.)
айтады: «Пайғамбарымыз сүйектен өтіп
кететін таңғы суыққа қарамай, ор қазып жатқан ансар-
лар мен мұһажырлардың қалай жұмыс істеп жатқанын
өз көзімен барып көреді. Олардың ауысып істейтін
құлдары да жоқ еді. Аш
құрсақ сахабалардың ауыр
жұмыстан қашпай, бір Аллаһтың разылығын көздеген
жанкештілігіне көңілі толқыған Пайғамбарымыз:
«Аллаһ тағалам! Нағыз өмір – ақырет өмірі, ансарлар
мен мұһажырларды кешір!» – деп дұға етеді. Сахаба-
лар: «Біз Мұхаммедке қасық қанымыз қалғанша, жиһад
етуге серт бергенбіз», – дейді
293
.
Жабир
(р.а.)
айтады: «Біз Хандақ шайқасы
қарсаңында ор қазып жатып, ағаштың кетпен батпай-
тын тістей қатқан тамырына кезігіп, бөгеліп қалдық.
Сахабалар әдеттегінше Аллаһ расулына жұмыстың не
себепті тоқтап қалғанын жеткізеді. Аллаһ расулы: «Мен
байқап көрейін», – деп орнынан тұрады. Ол аштықтан
292
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 4/329
293
Бұхари, Сахих 4/ 1504 (3873)
297
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
ішіне тас байлап алған болатын. Өйткені біз үш күн
бойы
нәр сызбаған едік
294
.
Достарыңызбен бөлісу: