269
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Мұхаммед айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз ебіл-
дебіл жылап келе жатқан Аммармен кездесіп қалады.
Аллаһ расулы Аммардың көзінің жасын сүртіп тұрып:
«Кәпірлер сені ұстап тұншықтыру үшін суға батыр-
ды, сен осылай да осылай дедің. Егер тағы да басыңа
әңгіртаяқ ойнатып, қамшы үйірсе, сен тағы да сөйт»,
– дейді.
Амр ибн Мәймунның айтуынша, мүшріктер Ам-
мар ибн Ясирді (р.а.) отқа қақтап азаптаған болатын.
Пайғамбарымыз Аммарды басынан сипап: «Ей, от!
Ибраһимге қандай салқын болсаң, Аммарға да сондай
жайлы бол! – дегеннен соң, – сені тура жолдан шыққан
қауым өлтіреді», – деп кейіген еді
248
.
Достарыңызбен бөлісу: