263
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
шығыпты. Артындағысы анасы Саба бинт әл-Хадрами»
деген
жауап алдым
237
.
Ибраһим ибн Мұхаммед ибн Талханың айтқаны:
«Талха ибн Ұбайдуллаһ маған былай деді: «Бус-
ра жәрмеңкесінде болдым. Сол жәрмеңкеде дінбасы
өткен-кеткендерден: «Араларында меккелік біреу бар
ма?» – деп тұрды. «Иә, мен бармын», – деп қасына
жақындадым. «Ахмет шықты ма?» – деп сұрады ол.
«Ахмет деген кім?» – дедім мен. «Ахмет – Абдуллаһ
ибн Абдулмұтталибтің баласы. Осы ай – оның
пайғамбарлығын
жариялайтын айы, ол – ең соңғы
пайғамбар. Меккеден шығады, кейіннен құрма өсіп-
өнетін,
тау-тасты, сулы-нулы жерге қоныс аударады.
Одан айрылып қалма», – деді.
Бұл маған тосын жаңалық болды. Бусрадан Мекке-
ге келген бойда таныстарымнан: «Ел ішінде не жаңалық
бар?» – деп сұрадым. «Абдуллаһұлы Мұхаммедул-
әмин өзінің пайғамбар екенін жариялады. Тіпті Әбу
Бәкір оған иман келтіріп үлгерді» – деген жауап алдым.
Мен дереу Әбу Бәкірге барып жолықтым, «Шынымен,
осы кісінің айтқанына иланып мойынсұндың ба?» –
деп сұрадым. Әбу Бәкір (р.а.): «Иә, сен де иман келтір.
Өйткені, ол ақиқатқа, хаққа шақыруда», – деді.
Талха ибн Ұбайдуллаһ (р.а.) дінбасының
айтқандарын
Әбу
Бәкірге
айтып
береді,
Пайғамбарымызға
(с.а.с.)
екеуі бірге барады. Тал-
ха
Исламға кіріп, мұсылман болады. Дінбасының
айтқандарын сол күйі жеткізгенде, Пайғамбарымыздың
қуанышында шек болмайды.
Ел арасында «Құрайыштың арыстаны» деп аталған
және Пайғамбарымыздың «Аллаһ тағалам! Ибнул-
237
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/410
264
Сахабалар салған сара жол
Адауияның жамандығынан сақта» деп тілеген Нәуфал
ибн Хууайлид Әбу
Бәкір мен Талханың мұсылман
болғанын естіп, оларды ұстап алып, екеуін қыл арқанмен
шандып байлап тастайды. Оның бұл озбырлығына
Тәймұлдары қарсы тұра алмайды. Сондықтан былайғы
жұрт Әбу Бәкір мен Талханы «біріккен» деген мағынаны
беретін «әл-қарынәйн» деп атап кетті.
238
Достарыңызбен бөлісу: