Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хабашстанға һижрет ету үшін Әбу бәкірдің



Pdf көрінісі
бет110/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

хабашстанға һижрет ету үшін Әбу бәкірдің 
жолға шығуы
Айша 
(р.а.) 
былай деген: «Ес біліп, етек жапқалы, 
ата-анам мұсылман болатын. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
күніне екі мәрте, таңертеңгісін және кешқұрым біздің 
үйге соқпай кетпейтін. Мүшріктер мұсылмандарға күн 
көрсетпеген соң, Әбу Бәкір де Хабашстанға һижрет 
етеді. Аттылы адамды қайдам, Меккеден аттанған жаяу 
232
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/3; Ибн Хажар, әл-Исабә 4/447


258
Сахабалар салған сара жол
жүргінші бес түнеп жететін Бәркул Ғимад деген елді 
мекенде Кара тайпасының көсемі Ибнуд-Дуғунна ал-
дынан шығады. Салған жерден: «Ау, Әбу Бәкір, қайда 
жол тарттың?» деп сұрайды. Әбу Бәкір: «Қарау ниетті 
әлдекімдердің кесірінен кір жуып, кіндік кескен жерім-
нен кетуге мәжбүр болдым. Мен өзімді еркін сезініп, 
Раббыма ешкімнен қысылмай-қымтырылмай еркін 
құлшылық еткім келеді», – дейді.
Ибнуд-Дуғунна: «Сөзіме құлақ сал, Әбу Бәкір, 
сендей адамның өз елінен қуылуы жақсы ырым ем-
ес. Өйткені сенің қолыңдағы барыңды халқыңмен 
бөлісетініңді, туысқандарыңмен қатынасыңды үзбей-
тініңді, әлсізге көмекке ұмтылатыныңды, қонақ келсе, 
құшақ жая қарсы алатыныңды, апатқа ұшырағандарға 
жәрдем беретініңді бүкіл ел біледі. Мұны мен сенің 
көршің болған соң айтып тұрмын. Бір өзі бір елге құт бо-
латын адамды сыйдырмай, ит қосып қуғандарына жол 
болсын. Сен ешқайда кетпейсің, осында, өз еліңде, өз 
жеріңде қаласың. Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа. 
Өз елің, жерің тұрғанда, басқа жерден пана іздеп бе-
реке таппайсың. Ақылымды алсаң, келген ізіңмен кері 
қайт», – дейді. 
Әбу Бәкір (р.а.) Ибнуд-Дуғуннаның бұл кеңесіне 
құлақ түріп, онымен бірге кері қайтады. Ибнуд-Дуғунна 
сол күні Құрайыш халқына «Әбу Бәкір сияқты адам-
ды күндіз май шам алып іздесеңдер де таппайсыңдар. 
Қадірін білгендерің дұрыс» деген сыңайда сөздер айт-
ты. Құрайыштар Ибнуд-Дуғуннәнің айтқанына қарсы 
келе алмай, амалсыз іштен тынады. Сөйтсе де, Ибнуд-
Дуғуннәға: «Әбу Бәкірге айт, құдайына ғибадат ететін 
болса, үйінде отырып құлшылық етсін, намазды үйінде 
оқысын, не істесе де, бізді мазаламасын. Құранды да-


259
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
уыстап оқымасын. Өйткені, қатын-қалаш пен бала-
шағаның ойын бұзады», – деп шарт қояды.
Ибнуд-Дуғунна Құрайыштардың бұл талабын 
Әбу Бәкірге жеткізеді. Осы шарттарға келіссе ғана 
өзін жайына қалдыратынын түсіндіреді. Әбу Бәкірге, 
амал жоқ, ауыр да болса, бұл шартқа көнуге тура ке-
леді. Көнуін көнсе де, Әбу Бәкір (р.а.) үйінің алдына 
ағаштан намаз оқитын орын дайындайды. Намаз бен 
Құранды ауласында оқуға бекінеді. Сөйтіп бұл ойын 
іске асырады. Әуестік жеңген мүшріктердің әйел, бала-
шағасы ертелі-кеш Әбу Бәкірді төңіректейтін болды. 
Әкем Әбу Бәкір (р.а.) мейірбан әрі кішіпейіл жан еді. 
Құран оқыған кезде толқып-тебіренетіні соншалық – 
жанарынан жас парлайтын. Әбу Бәкірдің бұл қылығы 
мүшріктердің мазасын қашырады. Ибнуд-Дуғуннаны 
шақыртып алып: «Біз Әбу Бәкірге елдің көзінше 
ғибадат етпеу жөніндегі шартымызға көнсе ғана Мек-
кеде қалуына рұқсат еткен едік, бірақ ол шектен шығып 
барады, өткен-кеткеннің назарын өзіне аударып, аула-
сында намаз, Құран оқитынды шығарыпты. Қатын-
қалаш пен бала-шағаны алдап, өзінің құрығына түсіре 
ме деп қорқамыз. Біз бұған төзе алмаймыз. Егер біздің 
талабымызды орындамаса, өз обалы өзіне, ендігәрі кір 
жуып, кіндік кескен жері болса да, бұл маңға аттап бас-
тырмаймыз. Сенің алдыңнан өттік, ендігісін өзің шеш. 
Көңіліңе келсе де, айтатынымыз: Әбу Бәкірдің ашық 
түрде ғибадат жасағанына көз жұмып қарап отыра ал-
маймыз», – дейді.
Ибнуд-Дуғунна Әбу Бәкірге келіп: «Уа, Әбу 
Бәкір! Екеуміздің арамыздағы келісімді жақсы білесің. 
Сол үшін осымен шектелесің, болмаса саған берген 
кепілдігімді өзіме қайтарасың. Өйткені, мен уәдеден 


260
Сахабалар салған сара жол
тайғанымды арабтардың естуін қаламаймын, бүкіл 
елдің алдында қарабет болғым келмейді», – дейді. Әбу 
Бәкір: «Олай болса, сенің қамқорлығыңнан бас тарта-
мын. Мені бір Аллаһтың өзі желеп-жебейді», – деп жа-
уап береді
233
.
Әбу Бәкір 
(р.а.)
Ибнуд-Дуғуннаның қамқорлығынан 
шығып, Қағбаға бара жатқанда, Құрайыш содырларының 
бірі оның басына топырақ шашып жібереді. Әбу Бәкір 
(р.а.) қасынан өтіп бара жатқан Уәлид ибн Муғираға 
әлде Ас ибн Уаилге мұңын шаққандай болып: «Мына 
жексұрынның істегенін көрдің бе?» – деп еді, ол: «Бұл 
өзіңнің кесірің», – дейді. Әбу Бәкір (р.а.) іштен ты-
нып: «Уа, Раббым, неткен жұмсақсың! Раббым, қандай 
жұмсақсың!» – деп өзіне сабыр тіледі
234
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет