228
Сахабалар салған сара жол
сыз да өз елінде қауіпсіз әрі қамқорлықта», – деді. «Ей,
Аббас, айтқандарыңды түсіндік. Уа, Расулаллаһ, енді
сен айт, өзің және Раббың үшін бізден не қалайсың, біз
бәріне де дайынбыз», – дедік. Аллаһ расулы Құраннан
аяттар оқыды. Аллаһтың жолына шақырды, Исламның
жақсылықтарын айтып, бізді ынталандырды. Содан
соң: «Сендер өз бала-шағаларыңды қалай қорғасаңдар,
мені де қатерден солай
қорғайтындықтарыңа және
маған сүйеніш болуға серт беріңдер», – деді. Сон-
да Бәрра ибн Марур Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
қолынан ұстап: «Иә, сені ақиқатпен жіберген
Аллаһқа ант етемін, өз өмірімізді қалай қорғасақ, сенің
өміріңді де қауіп-қатерден солай қорғаймыз. Сертімізді
қабыл ет, уа, Расулаллаһ!» – деді.
Әбул
-
хайсамның серті және жолдастарына
айтқан сөзі
Уруа (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алғаш серт берген Әбул-Хайсәм
ибн әт-Тәйихан болатын. Ол серт берген кезде: «Уа,
Расулаллаһ, біз бен басқа адамдар арасында бұрыннан
қалыптасқан өзара қарым-қатынасымыз және келісім-
шарттарымыз бар. Саған бағынатын болсақ, бұл қарым-
қатынасымыз үзілетін сияқты. Сен қауымыңа қайтып
кеткен кезде, олар бізбен байланысты үзгеніміз үшін
соғыс
жариялайтын болса, қайтеміз?» – деп сұрады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Әбул-Хайсәмға
күлімсірей қарап: «Біз ендігі жерде қандаспыз, өлсек
бірге өлеміз», – деп жауап береді. Әбул-Хайсәм Аллаһ
расулының бұл жауабына риза болып, жолдастарына:
«Ей, жамағат! Бұл – нағыз Аллаһтың расулы.
Куәлік
етемін, ол тек шындықты ғана айтатын өте шыншыл
229
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
кісі. Қазір онсыз да Аллаһтың қамқорлығында, Соның
қолдауымен, қауымы мен туыстарының арасында жүр.
Оны өз араларыңа алған
жағдайда арабтардың жап-
пай сендерге оқ жаудыратынын біліп қойыңдар. Егер
бұған да көніп, Аллаһ жолында соғысуды көздесеңдер,
осы жолда балаларың мен мал-мүліктеріңді пида
етесіңдер, онда оны өз жеріңе шақырып, бауырларыңа
басыңдар. Анығында, Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
–
Аллаһтың расулы.
Масқара боламыз деп ойласаңдар,
бұл істен қазірден бас тартыңдар», – дейді. Олар: «Біз
Аллаһ пен расулының бізге тапсыратын барлық мін-
детін сол қалпында қабылдаймыз. Уа, Расулаллаһ, біз-
ден қалаған барлық нәрсеңді осы жолда қуана-қуана
жұмсайтынымызға уәде береміз. Әбул-Хайсәм, сен бы-
лай тұр, біз Аллаһ расулына серт берейік», – дейді.
Әбул-Хайсәм (р.а.) айтады: «Ең алғаш болып мен
серт бердім. Сосын сол жердегілердің барлығы Аллаһ
расулына серт берді»
199
.
Достарыңызбен бөлісу: