227
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
бүкіл арабтармен жауласудың басы. Күні ертең талай
адамдарың өлтіріліп, біразың жаралануың мүмкін. Егер
осылардың бәрін назарға ала отырып, көнсеңдер ғана
оны қамқорлықтарыңа алыңдар, қайтарымы – Аллаһтан.
Егер жүректерің дауаламайтын болса, қазірден жа-
сырмай айтыңдар, онда өзімізбен бірге әкетпейік.
Өйткені асығыс шешім қабылдап, жұмысты бастамау
ол жұмысты жартылай шала қалдырғаннан артық», –
деді. Сонда қасындағылар: «Ей, Әсад! Сен қой, біз сер-
тімізден бас тартпаймыз. Басымызға қонған бұл бақыт
құсын біреудің үркіткеніне қарап тұрмаймыз», – деді.
Осы ары тарт, бері тарт шу-шұрқаннан соң
Пайғамбарымызға серт бердік. Бізден кепіл алып,
шарттарын баяндады. Ең бастысы, сөзімізде тұратын
болсақ, бізге жұмақтың берілетінін уәде етті»
198
.
Достарыңызбен бөлісу: