4.5 Релятивистік динамика элементтері Релятивистік импульс мына формуламен өрнектеледі
. (4.13)
қатынасымен өрнектелетін динамиканың негізгі заңы (4.13) өрнегін ескерсек, релятивистік қозғалыстар үшін де дұрыс болады.
Жалпы жағдайда, динамиканың релятивистік заңы бойынша және векторларының бағыттар сәйкес келмейді, үдеу мен күш шамалары арасындағы пропорционалдық бұзылады.
4.6 Масса мен энергияның өзара байланыс заңдылығы Дененің толық энергиясы деп аталатын шамасын қарастырайық
. (4.14)
Дененің толық энергиясы оң шама және тыныштық күйде ол нөлге тең емес. кездегі дененің толық энергиясы тыныштық энергиясы деп аталады
. (4.15)
(4.15) формуласы дененің тыныштық энергиясы мен оның массасы арасындағы өзара байланысты орнықтырады. Кез келген денеде масса мен энергияның бір-біріне пропорционал болатындығын көрсетеді. Дененің тыныштық энергиясының әрбір өзгерісі оның массасының пропорционалдық өзгерісін тудырады.
Қозғалыс энергиясы, яғни кинетикалық энергия да - толық энергияның бір бөлігі. Сондықтан дененің кинетикалық энергиясы толық энергия мен тыныштық энергиясының айырмасы ретінде анықталады
. (4.16)
Энергия мен импульс бір-бірінен бөліп қарастырғанда салыстырмалы, яғни әртүрлі санақ жүйелерінде мәндері әртүрлі болады. Бірақ біріккен комбинациясы түрінде олар Лоренц түрлендіруіне қатысты инвариантты болатын бөлшек күйінің абсолютті сипатамасын береді. Осы шаманың инвариантты болуына байланысты импульс пен энергияның релятивистік өзара байланысы шығады: бір инерциялық санақ жүйесінен екінші инерциялық санақ жүйесіне көшкенде бөлшектің импульсі мен энергиясы комбинациясы сақталып қалатындай болып өзгереді.
№5 дәріс. Статистикалық таралулар Дәрістің мақсаты:
статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістерінің маңыздылығын анықтау;
классикалық статистикалық физиканың негізгі заңдарын оқып үйрену.