д//а//й/ адақ//азақ//айақ) заңдылығы бойынша азғыр сөзі ескі түркі
тілдеріне тəн ерекшеліктерге байланысты жасалынған: адғыр (көне
түркі тілдерінде) азғыр (ескі түркі тілдерінде), айғыр (жаңа т.т.).
Қ.Жұбановтың зерттеулері бойынша, айғыр сөзі ай (ат) деген
негізгі түбірге «еркек» деген мағына беретін көне түркі жұрнағын (-қыр)
жалғау арқылы жасалынған: ай+қыр – айғыр [салыстырыңыз: қои (қой) – қош+ақан, қош+қар т.т., [1, 68 ].
Айғыр сөзінің ай – деген етістік түбірінен жасалған болу керек де-
ген Е.И.Убрятованың пікірін А.М.Щербак та қолдайды. Негізгі түбір
ай – етістігі ертеден бері қолданылып, «айт», «сөйле», «де» деген мағы-
на береді.
Айғыр өз үйірін əдетте азынап кісінеу арқылы ықтырып, оқырына
жүріп басқарады. Осындай дыбыс шығаратын ат (жылқы) деген
мағынада ай сөзінен айғыр тұлғасының жасалуы да мүмкін.
А.М.Щербак өз мақаласында айғыр сөзін: «Аіғір «жеребец», ср.
монг. азрага (монгол. письм. ajirya); маньч. ачжирган; тунг. хусэ мо-