190
мұндай биені қазақ тілінде
қысырақ емес,
қысыр бие дейді. Ал егер
жас байтал не бие (байталдан биеге өтетін не өткен малды) болса, оны
қысырақ деп атайды.
Əзірб. тілінің диалектілерінде
ғісрағ, түрік, гагауыз тілінде кісрак,
«Сираж алкулуб» (ХVІ ғ.) ескерткіші тілінде
қысырақ жалпы бие;
түркімен тілінде
кісрак бір жастағы бие; хакасша
хізірах «екі жастағы
бие» дегенді білдіреді [49].
Жалпы түркілік
қысырақ сөзінің мағынасы қазақ тілімен сəйкес.
Оны бұл атаудың құрылымдық ерекшелігінен байқауға болады.
А.М.Щербак
кісір жəне –
ақ деген екі морфемадан тұрғандығын айтады.
Мұндағы
қысыр сөзі «буаз емес», «төлсіз қалған», кейбір байырғы
ескерткіштердің тілінде
қысыр сөзі «бала тумаған əйел» (М.Қашқари)
дегенді білдіреді. Зерттеуші
қісір сөзін монғол жазба тілдеріндегі
kеw-
зер (бесплодная),
kewu(n), kewken (дитя) сөздерімен салыстырады, ал –
ser монғол тілдерінде жоқтықты білдіретін аффикс.
Қарақалп., қырғ. –
қысырақ, саха –
кызырак, түріктерде –
кысрак,
əзірб. тілінің диалектісінде –
ғісірағ, гагауыздарда –
кысырак, хакас –
хырырах, түркім. –
кісрак.
Достарыңызбен бөлісу: