АРҒЫМАҚ. Арғымақ атауы М.Қашқари сөздігінде арқун деп
берілген. «Диуанда»: Чары алып, арқун мүнүп, арқар йетер «шəулі
алып, арғымақ мініп, кісі арқарға қуып жетер» [ДТС, 136]. Сөз түбірін
А.М.Щербак арқ – (біріктіру, қосу, шату, шатыстыру) түбір етістігімен
байланысты болу керек деп шешеді. «Диуани» тілінде арқ деген сөз
«жақ» (висок) жəне жүгеннің екі жақтау қайысы» деген ұғым береді
[ДТС, 53].Əдетте, бұл бəйге, шабыс аты, өте жүйрік жануар болып ке-
леді. Біздің ойымызша, осы семантикалық мазмұн арғымақ сөзінің тегін
арда: арда емді, арда өсті; ардагер, ардақ, арут.б. сөздерімен түбірлес
ұяда қарап, ортақ түбірі ар «таза», «еркін» т.б. деп топшылауға негіз
болады.
ПЫРАҚ. Пырақ қазақ тілінде тұлпар аттарға қатысты қолданыла-
тын пырақ, дүлдүл сөздері жиі айтылады. Бұл сөздердің де мағынасы
қазіргі кезде көпшілікке түсініксіздеу. Сондықтан олардың түп мағы-
насына да қысқаша тоқтала кеткен жөн ғой деп ойлаймыз.
Бұл сөздер қазақ тіліне ислам дінімен енген. Пырақ (арабша ол –
Достарыңызбен бөлісу: |