220
5.Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау мем-
лекеттік органдардың, жергілікті езін-өзі басқару органдарының
және ұйымдардың қызметін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
6.Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда тілдердің қолданы-
луының жай-күйін уәкілетті органның шешімі бойынша, өз бас-
тамашылығы бойынша немесе
жеке және заңды тұлғалардың
өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
7.Тексеруді жүргізудің тәртібі мен мерзімдері туралы мемлекет-
тік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және
ұйымдардың басшылары уақытында құлақтандырылады.
8.Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органда-
рында және ұйымдарда тілдердің қолданылуының жай-күйін тек-
серу олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
9.Тілдер туралы заңдар нормаларының сақталуын тексерудің
нәтижелері бойынша акт жасалады.
10.Жолсыздықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган, анық-
талған жолсыздықтардың жойылуына қайта тексеру тағайындауы
мүмкін.
11.Осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
уәкілетті орган беретін, тілдер туралы заңдардың бұзылуын жою
туралы ұйғарымның нысанын орталық уәкілетті орган белгілейді.
12.Мемлекеттік органдардың тілдер туралы заңдар талапта-
рының бұзылуы анықталған тексерулерінің
актілері назарға алу
және шаралар қолдану үшін бағыныстылығы бойынша жоғары
тұрған мемлекеттік органдарға жолданады.
13.Тілдер туралы заңдардың бұзылғандығы туралы мемлекет-
тік органдардың шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалы-
нуы мүмкін.
14.Уәкілетті орган тілдер туралы зандардың сақталуына
бақылау жасаудың нәтижелері бойынша жүйелі түрде Қазақстан
Республикасының Үкіметіне, орталық
мемлекеттік органдарға
және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жолдайды.
15.Уәкілетті орган тілдер туралы заңдардың сақталуына
бақылау жасаудың нәтижелері бойынша, республиканың занда-
рында белгіленген тәртіппен, қолданылып жүрген тілдер туралы
заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін.