58
мәдени-ағарту мекемелерінің қызметкерлері, ауылшаруашылық
қызметкерлері мен жұмысшылары.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі түрлі қарым-қатынас
жағдаятындағы тұтынушылардың фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық және синтаксистік құрылыстарынан көрінеді.
Осыларға қатысты аталған ерекшеліктері, әсіресе, өте жиі түрде
лексикалық, синтаксистік және сирек түрде фонетикалық, кейбір
морфологиялық деңгейлерде көрініс береді.
Функционалдық тұрғыдан ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелік-
терін қысқаша мәлімет беруді мына бағытта жүргізу тиімді:
1.Қолданылу аясы (аймағы) – адамдармен, әсіресе таныс
кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.
2.Сөйлесім мақсаты – қатынас жасау.
3.Стильдік ерекшелігі мына сияқты болуы мүмкін:
– еркін, даярлықсыз болуы;
– тұрмыстық, қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдануы;
– айтушының көзқарасы сөйлемдерден, қолданылған сөздерден
анық білінуі;
4.Тілдік құралдары:
– қарапайым сөздердің көп қолданылуы;
– эмоционалды сөздерді жиі қолдану;
– сұраулы, лепті сөйлемдердің жиі болуы;
– дауыс ырғағы арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді
пайдалану;
– сөйлесім әрекетінің көбінесе диалогқа құрылуы.
Достарыңызбен бөлісу: