Ауызекі сөйлеу тілінің морфологиялық ерекшеліктері
Ауызекі сөйлеу тілінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі
қолданылады. Сөздердің экспрессивтілігі мен эмоционалдығын
арттыру үшін – қ, -ау, -мыс, -ғой шылаулары ойға түрлі мағыналық
реңк беру үшін пайдаланылады.
3.1.3 Диалекті
(тілдің жергілікті ерекшеліктері)
Диалекті – тілдің өмір сүру формаларының аумақтық шек-
теулі формасы. Қазіргі таңда қоғамның түгелге дерлігі барлық
60
күшімен ұйымдасқан (мектепке дейінгі мекемеде, мектепте, ли-
цей, колледждерде және жоғары оқу орындарында) және өз еркі-
мен білім алумен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қамтамасыз
етілу мүмкіндігіне ие болуымен диалекті ауызекі сөйлеу тілінің,
алдымен әдеби тіл формасының көптен көп әсер етуімен жойылу
процесін бастан кешіруде.
Диалектілер негізінен тілдің өмір сүруінің ұлтқа дейінгі және
ұлттың қалыптасу кезеңдерінде айқын көрініс беретін формасына
ұқсайды. Ол жайында В.Д.Бондалетов диалектілердің қалыптасуы
мен дамуы ұлттық деңгейге дейінгі сатыда, яғни халық тілі деп
аталатын тілдің әлеуметтік түріне сай келеді. Ұлттық деңгейде
диалектілік форма ескінің қалдығы ретінде қызмет етеді не әдеби
тілдің мықты әсер етуімен жойылады деп жазады [23,62.].
Осы айтылғандарды қазіргі қазақ тілінің материалдары да растай-
ды. Бірақ біз бұл жерде диалектілік зерттеулерге, қазақ тілінің жер-
гілікті диалектілері мен говорларының жай-күйіне тоқталмаймыз.
Дегенмен, осы төңіректе әлеуметтік лингвистиканың зерттеу ны-
санасына орай біз екі мәселеге:
1) жергілікті диалектілерде сөйлеушілер құрамына;
2) диалектілердің қазіргі тілдік дамуда алатын өзіндік орнына
көңіл аудармақшымыз.
Аумақтық (территориялық) немесе тілдің жергілікті ерекшелік-
тері (диалекті) өзінің атауынан көрініп тұрғандай, алдымен тілдің
географиялық, одан соң әлеуметтік саралануына жататын құбылыс.
Нақтылай айтар болсақ, тілдің ел аумағында түрліше ерекшелік-
терге ие болуы оның өзіндік бір сипаты болса, ол тілдің түрлі
әлеуметтік топтар бойынша саралануы екінші сипаты болып табы-
лады. Олай дейтініміз диалектіде сөйлейтіндер, яғни айтарлықтай
дәрежеде әлеуметтік қарым-қатынаста болатындар – қазіргі кезде
көбінесе ауыл тұрғындары, әсіресе, егде жастағы адамдар. Бүгінгі
таңдағы диалектіде сөйлеушілер туралы мәселе өте терең түрдегі
нақтылы зерттеулерді қажет етеді. Ол алдымен қазіргі қазақ тілі
говорларының сипатына, ондағы өтіп жатқан процестерге, сол го-
ворларды тұтынушылармен, оны тілдің өзге формаларымен ауы-
стырушы адамдар туралы мәселеге тығыз байланысты.
61
Қазіргі қазақ тілі говорларын зерттеушілердің еңбектеріне зер
салсақ, диалектілерде сөйлеушілер негізінде ауыл тұрғындары,
оның ішінде индустрализациямен, шаруашылықты жүргізудің
жаңа түрлерімен айтарлықтай дәрежеде байланыспаған біршама
немесе аздаған санды адамдар тобы, көпшілігі әйелдер екендігін
аңғаруға болады. Ал ауыл тұрғындарының қалған бөліктері мен
жекеленген топтары сондай немесе басқалай дәрежеде тілдің өзге
формаларына, алдымен әдеби тіл ықпалына бейімделген, сондай-
ақ ауызекі сөйлеу тілі мен кәсіби, топтық, жастар т.б. жаргондардың
әсеріне ұшыраған. Әдеби тіл мен өзге тіл формаларына қарай ауы-
су, әсіресе, жастар мен орта жастағылардың сөйлесулерінен анық
байқалады. Бұл жастағылар әдеби тілге мектепте, арнайы оқу
орындарында оқып білім алу арқылы ден қойса, бірқатар ауылға
келген жоғары білімді мамандармен сөйлесу арқылы бейімделген.
Осыдан көріп отырғандай көп жағдайда диалектіде сөйлеушілер
бөлігінің азаюы оның қызмет ету сипатына, қолданылу аясына
байланысты. Әдетте диалектілердің қолданылу аясы – қарым-
қатынастың ауызша формасы. Алайда диалектілердің бүгінгі
жағдайында бұлай айтушылық жеткіліксіз. Өйткені таза дилектінің
қызмет ету ауқымы күннен-күнге тарыла түсуде, бұл күнде оның
қолданылатын біршама типті салаларына отбасы, яғни үйішілік
жағдайлар мен әр түрлі бейресми жағдаяттар шеңбері, ауылдас
адамдардың бір-бірімен еркін сөйлесулері ғана жатады.
Ал қарым-қатынастың өзге ауызша формалары мысалы,
түрлі жиындардағы, өндірістік мәселелерді талқылаудағы т.б.
сөйлесулер тілдің әр түрлі формаларының араласу түрімен жүреді.
Бұл жағдайларда диалектілерге тілдің өзге формалары, оның
ішінде әдеби тілдің синтаксистік құрылысы және ауызекі сөйлеу
тілінің әсері ықпал етеді. Бұл мынаны байқатады: қазіргі күнде
ауыл тұрғындарының сөйлесуі тілдің белгілі бір формаларына
қатысты біріншіден, әлеуметтік жіктелген және екіншіден, түрлі
бейресми жағдаяттармен байланысқан. Басқаша айтқанда, диа-
лектілерде әдеби тілдің, әдеби тілде диалекті мен ауызекі сөйлеу
тілінің дәстүрі молынан қамтылған.
62
Қазіргі кезде диалектілердің әлеуметтілігі және бейресми
жағдаятпен байланыстылығы бірізді емес. Бұл ауылдық жерлерде
ылғи да жүріп жатқан шаруашылықтағы, тұрмыстағы, әлеуметтік
өмір мен экономикадағы т.б. жаңалықтарға байланысты және
радио, теледидар, мерзімді баспасөз тілінің барлық жанрдағы
түрлерінің ауыл тұрғындарының сөйлесуінде әдеби тілдің әрдайым
мықты ықпал жасауында болып отыр.
Диалектілердің қызмет етуі, әдетте тұрмыс пен отбасы және
еңбек ұжымдарының басым көпшілігі қазақтар болып келетін кей-
бір өмір салаларынан тысқары шықпайды. Оның өзінде олардағы
қатынас тақырыбы: отбасы, тұрмыстық мәселелер төңірегінде
болатындығын көрсетеді. Қарапайым ауыл адамдарының бір-
бірімен әңгімелесулері түрлі жағдаяттардағы сөйлесулер көбіне
осы төңіректе кейбір лексикалық топтағы сөздерге, фонетикалық,
морфологиялық ерекшеліктерге ие. Дегенмен осы негізгі және
қосымша салаларда қазақ тілінің кейбір диалектілік формалары
ауызекі сөйлеу тіліндей әлеуметтік мәртебеге ие бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |