3.4 Тілдердің қарым-қатынастық түрлері (коммуникатив
-
тік рангісі)
Жекелеген тілдің әлеуметтік лингвистикалық белгісі сол
тілдің жүзеге асыратын қарым-қатынастық көлемі мен өзіндік
құрылымымен анықталады. Қарым-қатынастық көлем мен құры-
лым мынадай көрсеткіштерге байланысты:
73
1.Сол тілде сөйлейтін адамдар саны.
2.Сол тілде сөйлейтін этностар саны.
3.Сол тіл қолданылатын елдер саны.
4.Тіл қолданылатын қоғамдық өмір түрлері мен әлеуметтік са-
лалар.
Әлем тілдерінің қарым-қатынастық қызметі әр алуан. Мыса-
лы, АҚШ-тың СИЭТТЛ университетінің мәліметі бойынша 1995
жылы жер бетіндегі 5 миллиард халықтың ең мықты тараған 13
тілінде 75% сөйлесе, 25 тілде 90% астамы сөйлейді екен.
Әлемдегі ең көп тараған 25 тілдің тізімі
р/с
100 млн. астам адам сөйлейтін
тілдер
Сөйлеушілер саны
(млн. адам)
1
Қытай тілі
975
2
Ағылшын тілі
478
3
Хинди тілі
437
4
Испан тілі
392
5
Орыс тілі
284
6
Араб тілі
225
7
Бенгал тілі (Үндістан, Бангелдеш)
200
8
Португал тілі
184
9
Малай-индонезия тілі
160
10
Жапон тілі
126
11
Француз тілі
125
12
Неміс тілі
123
13
Урду тілі
122
р/с
100 млн. астам адам сөйлейтін
тілдер
Сөйлеушілер саны
(млн. адам)
14
Пенджабы тілі (Үндістан,
Пенджабы штаты)
95
15
Корей тілі
75
16
Телугу тілі (оңтүстік-шығыс
Үндістан)
74
74
17
Тамил тілі (Үндістан және Шри-
Ланка)
71
18
Контон тілі (оңтүстік Қытай)
70
19
Ву тілі (Қытай, Шанха ауданы)
66
20
Италян тілі
63
21
Түрік тілі
60
22
Тагил тілі
54
23
Тай немесе сиам тілі (тайланд)
51
24
Миннан тілі (Қытай, Тайван,
Малайзия)
50
25
Сухамли (Кения, Танзания, Заир,
Уганда)
50
Әлемнің ірі тілдерінің қарым-қатынастық маңызды бөлігін
өз этносы немесе өз елінен тысқары қолданылу құрайды. Бұл
жағдайда ағылшын тілі бірінші орынды алады. Онда әлемнің 47 елі
сөйлейді. Одан кейін француз (26 ел), араб (21 ел), испан (20 ел),
португал (португал тілі Португалия мен Бразилия тұрғындарының
ана тілі және 5 елде ресми тіл) тілдері алады.
Тілдің қолданылуымен болатын адамзаттық қатынастың бар-
ша түрлерінің көлемін барлық айтылған, тыңдалған, жазылған,
басылған, оқылған, сондай-ақ теледидар экранынан, киноэкран-
нан, радио, шіркеу, сахна мен басқа да көру, есту залдарынан,
мектеп сыныптарынан, жоғары, арнаулы орта оқу орындарының
аудиторияларынан айтылғандар мен естілгендер, эстрадан
шырқалғандар, газет пен кітаптар таралымдары, электронды по-
шта мен компьютер желілеріндегілер құрайды.
Әлеуметтік лингвистикада тілдердің мемлекетаралық және
этносаралық қатынастардағы қызыметімен анықталатын 5 қарым-
қатынастық рангісі ажыратылып көрсетіледі. Бұл пирамиданың ең
басында – «әлемдік тілдер» деп аталатын 6 тіл тұрса, пирамиданың
ең төменгі бөлігін күнделікті-тұрмыста тек өз этносының ішін-
де ғана қолданылатын жүздеген жазуы жоқ «жергілікті» тілдер
құрайды.
|