72
2) нормаланған, бірақ қазіргі кезде қолданылмайтын тіл;
3) аралас тіл (пиджиндер тәрізді);
4) жасанды және маргиналды тілдер.
Ч.Фергюссон тілдерді мынадай үлгіде топтастырып көрсетеді.
1) негізгі тіл;
2) екінші дәрежелі тіл;
3) арнаулы тіл.
Шетелдік ғалымдар классификациясы жөніндегі мәліметтер
мына еңбектерден алынды: Швейцер А.Д., Никольский Л.Б. Вве-
дение в социолингвистику – Москва: Наука, 1976. – С. 87-88, 100;
Никольский Л.Б. Аталған еңбек. 39-40-б.; Швейцер А.Д. Вопросы
социологии в современной американской лингвистике. –Ленин-
град: Наука, 1971. –С. 74-80.
Ал Қазақстандағы тілдердің атқаратын қызметі туралы
Б.Хасанұлыны «Ана тілі – ата мұра» еңбегінде былай көрсетеді:
«Қазақстан -128 тілден тұратын бай лаборатория. Егер тіл атау-
лыны сөйлеушілерінің санына қарай бір сапқа тізер болсақ, көш
басында қазақ тілі де, ең соңында екі адам ғана сөйлейтін эн тілі
орналасқан болар еді.
Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушісінің саны мен атқарып
келе жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш
топқа бөлуге болады: 1) қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер;
2) қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер; 3) қоғамдық қызметі
нашар дамыған тілдер.
Алғашқы топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердің
ішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей,
өзбек, тәжік, украин т.б. тілдер [28,159.].
Достарыңызбен бөлісу: