88
ды қабылдап алу жөнінде комиссиялар құрамына тіл мамандарын
енгізу керек.
Олар нысандардың, жарнамалардың мәтіндерінің
қазақша дұрыс, сауатты жазылуын бақылайды.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-
бап талаптарын халыққа түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту, көрнекі ақпараттар
мен жарнамаларды бірізден-
діру, оларды заң талабына сәйкестендіру, тіл саясатын насихаттау
мақсатында жергілікті «Жетісу» телеарнасы арқылы арнайы бей-
нероликтер әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылғаны жөн.
Облыстық тілдерді дамыту
басқармасының ұсынысымен
облыстық, аудандық газеттерде «Тіл бұзарға – тосқауыл!» атты
айдар ашып, онда Облыстың аудандары мен қалаларындағы,
ауылдарындағы
мекемелердің, сауда үйлерінің т.б. нысандардың
маңдайша жазулары мен жарнамалары тіл заңнамаларына сәйкес
келмейтін нысандардың суреттері
тұрақты жарияланып отыруы
керек.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметті дамыту мүмкіндігі мол, тек
солардың көзін аша білу керек. Әсіресе, осы салада мемлекеттік
тілдің қолданылуына барынша күш салу мен жағдай туғызу оны
меңгерудің қажеттілігіне айналар еді.
Достарыңызбен бөлісу: