Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет53/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111
дін 
саласындағы
қоғамдық қызметі тежеліп келді. Ал соңғы уақыттарда 
көптеген мұсылман қауымдастығының, діни мектептің пайда бо-
луына, діни кітаптардың күрт көбеюіне т.б. нақты іс-шараларға 
байланысты, қазақ тілі дін саласында кеңінен қолданыла бастады. 
Айталық, бүгінгі күні облыс аумағында 607 діни бірлестік-
тер мен олардың филиалдары жұмыс жүргізуде. Жергілікті 
атқарушы органдар, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп 
«Елімнің тарихы – болашақтың бағдары», «Ұлттық салтым – 
халықтық қалпым», «Отанға сүйіспеншілік – перзенттік парыз», 
«Тағдыры халықпен егіз ұл», «Этносаралық қарым-қатынас және 
халықтар достығы», Діндарлықтың абзалдығы – мінез-құлықтың 
жақсылығы», «Терроризм және экстремизм көріністерінің ал-


90
дын алу», «Жастардың дінге көзқарасы», «Дәстүрлі діндер және 
радикалды секталардың айырмашылығы», Этносаралық қарым-
қатынас және халықтар достығы» тақырыптарында жыл басынан 
62 дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, кездесулер және т.б. 
шаралар ұйымдастырылған [34]. 
Мәдениет саласы
бойынша бүгінгі күні Алматы облысын-
да мемлекеттік жүйеге қатысты 232 мәдениет үйі мен клубтар
261 кітапхана, 21 музей, 2 галерея, Б.Римова атындағы облыстық 
драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Ала-
тау әуендері», «Достық үйі», С.Сейфуллин атындағы облыстық 
әмбебап кітапхана, Облыстық халық шығармашылығы орталығы 
және Тарих-мәдени мұраны қорғау орталығы халыққа қызмет етеді.
Қазақ тілінің мемлекеттік қызметін өз дәрежесінде атқарып, 
оның қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмсалуы үшін қазіргі 
жағдайда тіл мамандары әлеуметтік лингвистикаға бетбұрыс жа-
сап, мәселенің саяси мән-жайын жақсы меңгеріп алуы тиіс. Мем-
лекет тілшілерді неше түрлі шовинистік көзқарастағы адамдардың 
шабуылынан, олардың ұлтшылдық айдар тағуынан қорғауы керек. 
Ол үшін қосымша заң қабылдануы қажет. Егер ұлт араздығын 
қоздырушыларға тыйым салатын заң шығарылмаса, Қазақстанда 
тіл мәселесі шешілмейді. 
Қазақ тілі – ресми түрде мемлекеттік қамқорлыққа алынған тіл. 
Тіл саясатының күре тамыры осылай деп соқса керек. 
Тіл заңының жүзеге асуы үшін оның ғылыми негізделген 
тетігін қадағалау керек. Бұл үшін арнаулы ғылыми жұмыс тобын 
ұйымдастырып, оған әрбір аудан, облыс және республика көлемінде 
жергілікті тілдік жағдайды нақты зерттеп, соның негізінде нақты 
ғылыми практикалық ұсыныстар жасауды талап ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет