155
Осы
мәселелерге қарап отырсақ, қарым-қатынасқа түсуші
тілдердің бір-біріне әсер ету бағытын ғана көріп қоймаймыз, оның
нәтижелі көріністерін де байқаймыз. Қостілділікке икемді көбіне
тайпа тілдері мен ұлыс тілдері болады екен. Өзге тілді меңгеру олар
үшін өз ана тілдері атқармайтын салалардағы (ғылым, білім беру,
қоғамдық-саяси өмір т.б.) қарым-қатынас мүмкіндігін алып келеді.
Осыған ұқсас мүмкіндіктерді көптілді мемлекеттердегі ұлтаралық
қатынас тілін меңгерген қостілді тұтынушылары да алады.
Қалай болса да қостілділік билингвистер үшін
әлеуметтік
артықшылықты тудырады. Дегенмен
қостілділік өсумен қатар
бірінші тілге өзге тілдің әсерін де әкеледі. Бұл әсердің сипа-
ты билингвизмнің пайда болуы мен өмір сүруінің әлеуметтік
жағдайына байланысты болады. Қоғамдық қызметтік жүктемесі
бірдей тілдердің өзара араласуы олардың құрылымына әсер ет-
пейді. Айталық, қазақ тілінде туысқан түркі тілдерінің бірі – өзбек
тілінен ауысқан ешнәрсе жоқ [49, 232-234.].
Аралық тілдің пайда болуындағы
қажеттілік қандай да бір
әкімшілік-шаруашылық ұйымдағы қоғамның әлеуметтік өмірінің
ерекшелігімен анықталады. Егер мұндай ұйым бірнеше этникалық
топтардан тұратын болса, олар тек өз ана тілдерін меңгерген бол-
са, мұндай түрлі топ өкілдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігі
нөлге тең. Тілдік бөгетті жеңу үшін олар бір-бірінің тілін үйренсе,
онда олар мультилингвистерге айналар еді, яғни барлық этностар
бір-бірінің тілдерін меңгеруіне тура келер еді. Егер көпэтносты
қоғамдағы тілдер ондап, кейде жүздеп кездессе (Индияда – 179,
Қазақстанда – 128, Филиппинде – 93 т.б.), бұл тұрғындардың ба-
сым көпшілігі үшін алынбас қамалға айналары сөзсіз.
Міне, осындай жағдайда этносаралық қатынаста аралық тілді
қолдану қажеттілігі пайда болады. Оның тиімді тәсіліне әдеттегі
билингвизмге (біржақты бірқырлы (однофокусный)
немесе
екіжақты) қарағанда біржақты көпқырлы (многофокусный) билин-
гвизм сай келеді.
Сондықтан көптілді мемлекеттегі аралық тілдің пайда болуы
мен қызмет етуі қарым-қатынас
жасау қажеттігін туындайтын
табиғи процесс болып табылады.