Анемиялар. Анемия



бет1/23
Дата25.09.2022
өлшемі114,83 Kb.
#150627
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
кан курамы.анемия.


Анемиялар.


Анемия – қанның көлем мөлшеріндегі эритроциттер мен гомоглобиннің азаюымен және тері мен шырышты қабықтардың салғын түсімен сипатталатын ауру.
Себептері:
1. Баланы дұрыс тамақтандырмау /алиментарлық фактор/:
А) қосымша және қолдан тамақтандыруға ерте ауыстыру;
Б) шырындар мен қосымша тамақты уақытында бермеу;
В) біржақты сүтпен, не ұн тамақтарымен қоректендіру.
2. Сәбидің жиі ауруы /инфекциялық фактор/:
А) ас қорыту жүйесінің аурулары;
Б) инфекциялық және суықтану аурулары.
3. Ағзадағы қан қорларындағы темірдің аз мөлшерде болуы:
А) шала туғандық;
Б) аяғы ауыр әйелдің анемиясы, токсикозы;
В) егіздің, үш нәрестенің сыңары.
4. Баланы күтудегі ақаулар /таза ауада аз болу, гигиеналық режимді сақтамау/.
Клиникалық айқындалуы: ауру біртіндеп басталады – баланың тәбеті төмендейді, салмақ қосуы баяулайды, тынымсызданып жұбатқанға көнбей жылайтын болады. Біраздан кейін тері және шырышты қабықтардың солғын тартуы, бұлшық еттерінің ширақтығының төмендеуі, бауырдың, көк бауырдың үлкеюі пайда болады. Анемияның ауыр түрлерінде тахикардия, жүректе сырыл, терінің құрғақтығы, ерін бұрыштарында жарық пайда болады. Лимфа түймелері өсіп, беті қабарыңқы келеді. Қанның жалпы анализінде: эритроциттер 4,0-1012/л-дан, гемоглобин 110 г/л-дан төмен, қанның сарысуында темір мөлшері азайған (800-1100 мгк/л).
Гемаглобин көрсеткішіне байланысты 3 дәрежесі бар:
90-110  1 дәрежесі
89-79 2 дәрежесі
70-тен төмен 3 дәрежесі


Анемияның белгілері:

  • Терінің бозарып, қуарып өңі қашады

  • Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады:

  • Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады.

  • Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады

  • Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін.

  • Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.

Анемияны емдеу және одан сақтану шаралары
Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек.
Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе, анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ
Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.
Анемия ауыр формаға ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет