Лауазымдық міндеттері. Өнім (тауар) өндіру және неғұрлым үлкен сұранысты және өткізу нарығын табатын қызметтерді көрсету жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады. Өндірісті және қызмет көрсету саласын тепе-тең дамытуға жәрдем береді, тауар ассортиментінің, өндірістік-шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттарын таңдау және өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындайды. Маркетингтік саясатты әзірлеуге, бағалар белгілеуге қатысады, тауардың қалыпты сатылуы және көрсетілетін қызметті кеңейту, сатып алушылардың (клиенттердің) тауарға және қызметке деген сұранысын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасайды. Ұқсас тауарлар мен қызметтердің нарығын және оның даму үрдістерін зерделейді (сұраныс пен тұтынуды, олардың мотивациялары мен ауытқуларын, бәсекелестердің қызметін талдау). Сату көлемін болжайды және тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық сұранысты қалыптастырады, неғұрлым тиімді өткізу нарығын, сондай-ақ тауарлардың (оны өндіру тәсілі, қызмет мерзімі, пайдалану ережелері, орауды) немесе көрсетілетін қызметтің сапалық сипаттарына қойылатын талаптарды анықтайды. Тауар өткізуге әсер ететін және көрсетілетін қызметті табысты жүзеге асыру үшін маңызы бар факторларды, сұраныстардың типтерін (тұрақты, ажиотаждық, қысқа мерзімді және басқа), оның көтерілуі және төмендеу себептерін, тұрғындардың сатып алушылық қабілетінің дифференцациялауды зерттейді. Нарықтарға жүргізілетін зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіреді. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды, қолда бар ресурстарға сәйкес нарықты таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру және тұтынушылық қасиетін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындайды және ұсынымдар әзірлейді. Халықтың түрлі топтарының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін, олардың кірістерінің жай-күйін және динамикасын, дәстүрлері мен талғамдарын, бұл үшін шикізаттар, материалдарды, энергияны, кадрларды қоса алғанда ресурстардың барлық түрінің шығындарын ескере отырып жаңа өнімді және өткізу нарықтарын игеру перспективаларын айқындайды. Мемлекеттің салық, баға және кеден саясатындағы өзгерістерді, айналым көлемін, сатудан пайданы, бәсекелестікті, сату жылдамдығын, өткізуге әсер ететін факторларды ескере отырып, бәсекелестік ортаны талдайды. Өткізуге бақылау жүргізеді, жоспарланған деректерді өткізу (қызмет көрсету) көлемі, түсімі, уақыты және оларды тарату аумағы бойынша алынған нәтижелермен сәйкестендіруді жүргізеді, нарықтың конъюктурасының ауытқуын және өзгеруін анықтайды. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің, пайдалар мен кірістердің өсуін, тауарлар мен қызметтің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың талаптарын ескере отырып, басқарушы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысады.
Білуге тиіс: әлеуметтік-экономикалық даму туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және нормативтік құқықтық актілері, маркетинг жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың даму заңдылықтары және ерекшеліктері; ішкі және сыртқы нарықтың конъюнктурасы; маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістері; менеджмент негіздері; кәсіпкерлік қызметтің бағыттары, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның ұйымдық-құқықтық мәртебесі, оның даму перспективасы; ұқсас отандық және шетелдік фирмалардың тәжірибесі; іскерлік қарым-қатынас этикасы; шығарылатын өнім, орындалатын жұмыс (қызмет) өндірісінің технологиясы; азаматтық шарттарды жасау, өзгерту, ресімдеу және тоқтату тәртібі; өндірістің пайдасы, тиімділігі, ұтымдылығын және шығындарын есептеу әдістері; баға құру және баға саясаты; сауда-өткізу қызметі, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; ішкі және сыртқы нарықты зерттеу әдістері, оның әлеуеті және даму үрдістері; есеп құжаттарының нысандары және есептілік жасу тәртібі; ақпарат жинау мен өңдеу, байланыс және коммуникация техникалық құралдары; компьютерлік технологиялар және операциялық жүйелер; жарнама ісін ұйымдастыру; азаматтық құқық; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және маркетинг бойынша қосымша даярлығы болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Кедендік құжаттандыру маманы (декларант) Лауазымдық міндеттері. Халықаралық жүктерді тасуға әртүрлі кедендік жүк декларацияларын құжаттандырады. Келісім-шарттарды, тасымалдаушы және жолаушы құжаттардың дұрыстығын, толықтығы мен жинақтылығын тексереді, есеп-фактураларын, тауарлы-транспорттық жолдамалар мен сертификаттарды алады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті кедендік өтелімдер мен жинауларды есептейді. Өндірістік көрсеткіштердің, тасымалдаушы және жолаушы құжаттардың оперативті есебін жүргізеді. Жүк жіберушілер мен жүк алушыларға анықтамалар және тарифтер мен тасымалдаушы және жолаушы құжаттарды кедендік құжаттандыру сұрақтары бойынша оперативті ақпараттар береді. Кедендік жинауларды төлейді. Жеткізу сұрақтары бойынша Халықаралық серіктестермен келіссөздерге қатысады.
Білуге тиіс: «Қазақстан Республикасының кедендік ісі туралы» Кодексі, кеден ісіне, тариф саясатына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілер; сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы; міндеттер шеңбері бойынша «Инкотермс» алу-сату келісімшарттарын жасаудың халықаралық ережелері; «Инкотермс» сауда терминдерінің түсініктерінің халықаралық ережелері; кедендік бағаны анықтау тәсілдері; тиісті көліктік желі схемасы мен жүктердің негізгі бағдары; жүк және коммерциялық жұмыстар бойынша алғашқы құжаттардың формалары; экономика, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, кедендік ресімдеу маманының куәлігі бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |