Аралық бақылау ХІХ ғ. Еуропалық мәдениет


Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның мәдениет саласындағы саясаты



бет6/8
Дата22.11.2022
өлшемі42,65 Kb.
#159422
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралық бақылау ХІХ ғ. Еуропалық мәдениет-melimde.com
ЕМТ. СҰРАҚТ.Қаз.қ.з.т. (1)

Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның мәдениет саласындағы саясаты

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.

Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардың біріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі –мәдениеттің даму үрдісінде бұрын болып көрмеген экономикалық кедергілер мен халық бұқарасының санасындағы психологиялық өзгерістердің салдары болып табылатын іркілістер жатады.

Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды

Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар: -Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; -этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; -менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: -азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; -мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; -тарихи-мәдени мұраны қорғау; -ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; -мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау; -мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; -мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет