Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет25/40
Дата07.02.2022
өлшемі173,42 Kb.
#83117
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
@8; 65=85 07
@8; 65=85 07
5. ПМПК-ны басқару
31. ПМПК қызметіне басшылық етуді ПМПК меңгерушiсi жүзеге асырады. ПМПК меңгерушісі облыстық (қалалық, аудандық), республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті бiлiм басқармаларымен тағайындалады.
32. ПМПК-ның барлық мамандарының құқықтары мен міндеттері осы Қағидалармен, Уставпен және ПМПК-ның ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді.
ПМПК-ның барлық мамандары (дәрiгерлер, педагогтер, психологтар) үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгiленедi. Меңгерушілер, статисттер үшiн – аптасына 30 сағат.
33. ПМПК мамандарының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
34. ПМПК қаржы-шаруашылық қызметiн бюджеттен бөлiнген қаржы мөлшерiнің шегінде шығыстар сметасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бюджеттен тыс қаржы есебiнен iске асырып отырады.
35. ПМПК-ның ашылуы, қайта құрылуы, жабылуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталады. Республикалық ПМПК қызметіне бақылауды білім беру саласының орталық атқарушы органы, ал облыстық, ауданаралық және қалалық ПМПК-лар қызметіне бақылауды жергілікті (қалалық, аудандық), республикалық маңызы бар қала мен астаналық білім басқармалары жүзеге асырады. Облыстық, қалалық, аудандық ПМПК-ларға әдістемелік көмекті Республикалық ПМПК көрсетіп отырады.
Психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялар
қызметiнің үлгілік қағидаларына
1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет